Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет130/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Дәмі мен қышырлығы. 
Қалыпты жарманың берілген дақыл түріне 
сай өзіне тән дәмі болу керек. Жармада қышқыл, ащы немесе басқа бөтен 
татымдардың болуына рұқсат берілмейді. Бөтен татымның пайда болуы 


302
жарманың бұзылуын көрсетеді. Жармадағы қышырлық дәннен минерал
-
ды қоспаларды нашар жойғандығын көрсетеді.
Иісі
. Иісті анықтау үшін массасы шамамен 20 г өлшендінітаза қағаз 
бетіне жайып иісін анықтайды. Егер иісі әлсіз шықса, жарманы фарфор 
ыдысқа салып бетін әйнекпен жабады және 5 минут аралығында қайнап 
тұрған су моншасында қыздырады.
Жарманың қалыпты, өзіне тән иісі болуы керек. Көгерген, шіріген 
және тағы басқа да бөтен иістерге рұқсат етілмейді. Таласты жағдайларда 
осы жармадан пісірілген ботқаның дәмін татады. Пісіру алдында жар
-
маны (ұнтақ, арпа жармасы (ячневая) және қарақұмықтан басқа) екі 
рет жуады. Сосын массасы 100 г өлшендіні екі көлемді су құяды, 2,5 г 
тұз қосып ботқаны пісіреде де дәмі, иісі мен қышырлығының болуын 
анықтады.
Жармадағы қоспалар.
Қоспаларды анықтау үшін орташа үлгілерден 
өлшенділер алады (90­кесте).
90-кесте 
Орташа үлгілер өлшенді массасы
Жарма
Өлшенді 
массасы, г
Асбұршақ
100
Қарақұмық, сұлы, №1, №2 ұсақталмаған жүгері, 
№1, №2; №3 бидай; №1,№2 және №3 перлов; 
№1 арпа жармасы; ұсақталған асбұршақ
50
Күріш, №4 және №5 перлов; №2 және №3 арпа жармасы; 
№4 бидай; №3 жүгері; Артек; тары; сұлы үлпектері
25
Ұсақталған сұлы; ұсақталған күріш, майдаланған 
қарақұмық жармасы және ұсақталған тары
20
Ұнтақ жармасы, жүгері және сұлы үлпектер жармаларының сынама
-
ларын қолмен орташа үлгілерден бөледі, ал жарманың қалған түрлеріне 
бөлгіште бөлуге рұқсат етіледі. Талдау алдында жарма өлшенділерін 
ұрылған ядролар мен ұнтақты бөлу үшін електер жинағында елейді 
(91­кесте). Ұсақталған бұршақты саңылауы Ø 2,5 мм електің өтімі мен 
саңылауы Ø 1,5 мм електің кетімімен, ұсақтарды – саңылауы Ø 1,5 мм 
електің өтімі мен саңылауы Ø 1 мм електің кетімімен және ұнтақты – 
саңылауы Ø 1 мм електің өтімімен бөледі.


303
91-кесте 
Ұрылған ядролар мен ұнтақты бөлуге арналған електер 
саңылауларының өлшемдері
Жарма
Ұрылған ядролар 
(елек өтімі)
Ұнтақ (елек өтімі)
Ақталған тары
Ø 1,5 мм
056
Қарақұмық
1,6х20 мм
08
Күріш
Ø 1,5 мм (қалдық)
Ø 1,5 мм
Сұлы*
Ø 2,0 мм
063
Арпа*

056
Бидай*

063
Жүгері*

Ø 1,5 мм
* Жарманың барлық түрі
Минутына 120 айналмалы тербелісте 3 минут аралығында жарма
-
ны лабораториялық елеуіште елейді.Ұнтақ жармасы және жүгері жар
-
масын елеу кезінде елекке диаметрі шамамен 1см, қалыңдығы 0,3 см 
және массасы шамамен 0,4 г бес резеңкелі дөңгелектерді орналастырады. 
Минутына 180­200 айналмалы тербелісте 10 минут аралығында елейді. 
Қарақұмық жармасын қолмен байқап елейді. Бүтін жарма (ядрица) 3 
минут аралығында, ал ұсақ жарма сілкусіз 110­120 бойлау­қайтымды 
тербелісте 1 минут аралығында елейді.
Електегі қалдықтарды және өтімдерді өлшейді. Сосын олардан 
қоспалардың барлық фракцияға бөле отырып, қолмен електердің кетім 
мен өтімді бөледі:
1. Шөп­шаламды қоспа:
­ минералды – құм, жұмыр тас, жер бөлшектері, зімпара, кен мен 
шлактар;
­ органикалық – масақты қабыршақтар, гүлді қабықшалар, сабақтар 
бөліктері, сіңсібас және қылқан бөлшектері;
­ шөп­шаламды тұқымдар – барлық жабайы және дақылды 
өсімдіктердің тұқымдары;
­ зиянды – қастауыш, күйе, ақмия, түрлі түсті вязель;
­ ерекше есепке алынатын қоспа – қарамықша;
2. Бүлінген ядролар – шіріген, көгерген, күйген және басқа да түсі 
өзгерген ядролар;


304
3. Қауызсыздалмаған дәндер – гүлді қабықшалардан, жеміс­
ті (қарақұмық) немесе тұқымдық (асбұршақ) қабықтардан ажыра­
тылмаған;
4. Ұнтақ – 13­кестеде келтірілген елек арқылы еленген жарманың 
майда бөлшектері;
5. Ұрылған ядролар – 13­кестеде келтірілген елегінде електен өткен 
және ұнтақты бөлуге қабылданған електерде қалған ұрылған ядролар.
Перлов және арпа жармасында қоспаларға сондай­ақ «недодирді» 
жатқызады. №1 және 2 перлов жармасындағы недодир болып ядро 
бетінің төрттен бірінен көп гүлді қабықшалардың қалдықтары бар 
ядролар табылады, ал №1 арпа жармасында (ячневая) – түйіршік 
шеттеріне шығатын гүлді қабықшалардың қалдықтары. Недодирді мас
-
сасы 10 г өлшендіде бөлек анықтайды, органолептикалық түрде 5­10 
есе үлкейтілген лупамен әр ядроны қарайды немесе ядроларды 2%­ды 
марганцов­қышқылды ерітіндісімен бояйды. Бұл үшін металды електегі 
массасы 10 г жарма өлшендісін 1 минутқа 2%­ды марганцов­қышқылды 
калий ерітіндісіне салады, сосын оны 0,5 минут аралығында судың 
ағымында жуады. Жарманы сүзгі қағазбен кептіреді және қарайған ядро
-
лары анық көрініп тұрған қауызы бар ядроларды бөліп алады. Ядролар
-
ды айнада қарастырады.
Күріште қоспаларға жоғары сапалы ядроларға қосуда олардың нор
-
мадан асып кететін сарғайған және жабысқақ дәндердің мөлшерін 
жатқызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет