Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет127/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Жарма бөлгіш машина.
Қауызсыздалған дәндерден қауызсыздалмаған 
дәндерді бөлуге арналған. Машина келіп түскен өнімді жоғары кетімге 
(аздаған қауызсыздалған қоспалары бар қауызсыздалмаған дәндерден 
тұрады) және төменгі кетімге (ядро мен аздаған қауызсыздалмаған 
дәндер мөлшерінен тұрады) бөледі.
Бұл машинаның жұмысын бақылау үшін машинаға дейін және ма
-
шинадан кейін жоғарғы және төменгі кетімдердегі өнім үлгілерін 
алады. Үлгілерден массасы 100 г өлшендісін бөледі, онда ядро мен 
қауызсыздалмаған дәндер мөлшерін пайызбен анықтайды.
Машинаға 1 минутта келіп түсетін өнім мөлшері мен жоғарғы және 
төменгі кетімдердегі өнімдердің мөлшерін анықтау үшін балансты ала
-
ды. Алынған мәліметтер бойынша жоғарғы және төменгі кетімдердің 
пайыздық мөлшерін есептейді.
Алынған мәліметтер негізінде α, β және γ коэффициенттерін есеп­
тейді.
Сұрыптау дәлдік коэффициентін келесі формуламен есептейді:


297
мұндағы: 
К
– машинаға дейін қоспадағы қауызсыздалған дәндердің 
мөлшері, %; 
К
1
– машинадан кейін төменгі кетімдегі қауызсыздалған 
дәндердің мөлшері, %.
Бөлудің дәлдік коэффициентін келесі формуламен есептейді:
мұндағы: 
С
– машинаға дейінгі өнім қоспасындағы қауызсыздалмаған дән 
мөлшері, %; 
С
1
– машинадан кейінгі жоғары кетімдегі қауыз сыздалмаған 
дәндер мөлшері, %.
Алынатын өнімнің сапасын көрсететін коэффициентті келесі форму
-
ламен анықтайды:
мұндағы: 
К
1
– машинаның төменгі кетіміндегі қауызсыздалған дәндердің 
мөлшері, %; 
U
– төменгі кетімдегі өнімдердің жалпы мөлшері, %.
Норма бойынша төменгі кетімдегі өнімнің жалпы мөлшері 75%­дан 
кем болмауы қажет, ал ондағы қауызсыздалмаған дәндердің мөл шері 
1%­дан артық болмауы керек.
Жарма бөлгіш машина жұмысының жалпы технологиялық тиімді­
лік коэффициентін барлық жоғарыда келтірілген коэффициенттерге 
көбейтіп есептейді:
Жарма бөлу тиімділік көрсеткіштерінің орташа мағынасы анық­
талмаған. 
болғанда тиімділік жақсы, 
болғанда 
қанағаттандырарлық, 
болғанда қанағаттандырарлықсыз деп 
есептелінеді. Бөлінген өнім тазалығы күріш үшін 0,990­нан, сұлы үшін 
– 0,994­тен, қарақұмық үшін – 0,997­ден төмен болмауы қажет.
Ажарлау машиналары.
Жемісті және тұқымды қабықтар, ұрық 
және бірен­саран алейронды қабатты алып тастауға арналған. Бұл 
машиналардың жұмысын жоғарыда айтылған анатомиялық бөліктерді 
алып тастау деңгейі бойынша органолептикалы бақылайды. Бұл үшін 
өлшендіден 100 дәнді санап алады және оларды ажарланған және 
ажарланбағандарға бөле отырып лупамен олардың бетін зерттейді. Егер 


298
ажарланған дәндер 80­100% болса, онда машина жақсы жұмыс істейді 
деп есептейді, 60­80% – орташа, 60%­дан кем болса – нашар.
Ажарлау үдерісін химиялық әдіспен бақылауға болады. Бұл үшін 
май немесе күлділік мөлшерінің төмендеуін анықтайды. Күлділіктің 
төмендеу көрсеткішін күріш немесе арпаны ажарлауды бақылауда, 
ал май – тарыны ажарлауды бақылауда қолданады. Күрішті ажарлау 
үдерісінде күлділік шамамен 0,3%­ға, арпада – 0,5%­ға төмендеуі ке
-
рек. Май мөлшері 2%­дан кем емес төмендеуі тиіс. Бірақ қазіргі таңда 
бұл көрсеткіштер нормаланбаған. 
Күрішті ажарлау үдерісін бақылау үшін ФПМ­1 құралында анық­
талатын ақтық көрсеткішін қолданады. Күрішті №230 електе қалдық 
мөлшері 1%­дан аспайтындай ұнға майдалайды және бидай ұнына 
арналған әдістеме бойынша ақтық көрсеткішін анықтайды.
Ажарлау үдерісін сондай­ақ ажарлау дәрежесімен бақылауға бо
-
лады:
мұндағы: 
M
1

M
2, 
... M

– ажарлаудың 1­ші, 2­ші...n­ші жүйелерінде 
алынған ұнтақ мөлшері, г немесе%; К – ажарлаудың 1­ші жүйесіне 
түскен ядро мөлшері, г немесе%.
Ажарлау сапасын жармалардың аспаздық бағасыбойынша айтуға бо
-
лады.
Жылтырату машиналары
. Жемісті және тұқымды қабықтардың 
қал ған бөліктерін жоюға және ядро бетін тегістеуге арналған. Жылты­
ратылған жарма тегіс, беті жылтыр болуы қажет. Бір өтімде күрішті 
жылтыратудағы күлділік 0,15%­дан кем емес, ал арпа – 0,1%­дан кем 
емес төмендейді.
Ажарлау және жылтырлату машиналарының жұмысын ядроны өңдеу 
кезінде алынған ұнтақтың пайыздық мөлшерін анықтай отырып және әр 
жарма түріне арналған Ережелерде келтірілген нормаларға сәйкестіре 
отырып бөлшекті баланс әдісімен жүргізуге болады.
Дән тазалау машиналары
(қауыз бөлетін машина, аспирационды ко
-
лонкалар және т.б.). Аралық өнімдер мен жармалардан жеңіл бөлшектерді 
бөлуге арналған. Олардың жұмысын бақылауда тазаланған өнімді ұнтақ 
пен гүлді қабықшалардың болуына тексереді, олар 0,1%­дан аспау ке
-
рек. Қалдықтарды бүтін және ұсақталған ядролардың болуына тексереді, 
олардың мөлшері 0,5%­дан артық емес болу керек.
Елек машиналары
(елеуіштер, центрифугалар және т.б.). Олардың 
жұмысын бақылаукем себу мөлшерін анықтауда тұжырымдалады. Ана
-


299
лиз үшін массасы 100 г өнім өлшендісін алады, оны 3 минут аралығында 
саңылау өлшемдері елеу машинасына сәйкес електерде елейді. Електе 
қалған қалдықты өлшейді және кем себу пайызын анықтайды.
Магнитті қондырғылар. 
Қондырғылар жұмысын МЕМСТ 20239­74­
ке сәйкес бақылайды.
Лаборатория жұмысшылары магниттердің күйін, жүк көтеру және
тазалау, сондай­ақ нормалармен бекітілген магнитті кедергі санын 
сәйкестігін тексереді. Магнитті кедергі арқылы өтетін өнім, дән және 
жарма үшін қалыңдығы 10­12 мм­ге дейін және ұнды өнімдер үшін 
5­7 мм­ден артық емес қабатпен магнитті өрістің барлық ені бойынша 
бірқалыпты таралу керек.
Магниттердің магнит индукциясын міндетті түрде ӨТЛ жұмыс­
шыларының қатысуымен жылына 1 реттен кем емес тексереді.
Магнитті кедергідегі магниттерді тазалаудың кезектілігі мен 
мерзімділігін өндірістің бас инженері белгілейді (бір ауысымда бір­
екі реттен кем емес). Жиналған металлмагнитті қоспаны лаборатория
-
да өлшеп құлыпталатын жабық жәшікте сақтайды. Өлшеу нәтижелерін 
журналға түсіреді. Жәшіктегі қоспаны декадада бір реттен кем емес жоя­
ды. Жармадағы металлмагнитті қоспалардың мөлшері 1 кг­да 3 мг­нан, 
ал ұнтақта – 1 кг­да 5 мг­нан аспауы қажет.
ӨТЛ бастығы магнитті кедергі тиімділігін арттыруды қамтамасыз 
ететін шараларды ұйымдастыруға қатысады.
Талқан өңдіру
.
Лаборатория дәнді ылғалдауда қосымша су температу
-
расын (35°С­ға дейін), ылғалдау уақытын (2 сағат), өңдеуден кейінгі дән 
ылғалдылығын (30%­ға дейін) бақылайды.
Дән пісіру режимдерін, бу қысымын (0,15­0,20 МПа), пісіру уақытын 
– 1,5­2 сағат және кептіру режимдерін бақылау керек. Кептіруден кейін 
дән ылғалдылығы – 5­6%, салқындатқаннан кейінгі дән температурасы 
қоршаған ауа температурасынан 6­8° С­дан артық емес болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет