12.2 Дәнді қабылдау, орналастыру және оның
сақталуын бақылау
Жарма зауытына келіп түсетін дән стандартты шығым мен сапалы
жарма алуды қамтамасыз ету керек.
266
Жарма зауытының лабораториясы дән келіп түскенде нүктелік
үлгілерді алады, құрама және орташа үлгілерді құрып, оларды анализ
-
ге жібереді.
Жарма дақылдарының дән сапасының негізгі көрсеткіштеріне түсі,
иісі, залалдануы, ылғалдылығы, ластануы, типтік құрамы, ірілігі,
біркелкілігі, бұзылған дән мөлшері, қауыздылығы, ядро мен майда
дәндердің болуы жатады.
Күріш дәнінде шынылық, қызыл жемісті және тұқымды қабығы бар,
эндоспермі сарғайған, бор түстес, глютинозды, сынған және жарылған
эндоспермі бар дән мөлшерін қосымша анықтайды.
Барлық анализді стандартта көрсетілген әдістер бойынша жүргізеді.
Жеке жарма дақылдары дәнінің сапасына қойылатын талаптар, негізінде
бірдей, бірақ дақыл ерекшеліктеріне байланысты өзгешіліктер бар.
Ластануды анықтауда минералды қоспалар мен ұсақ жұмыр тастардың
мөлшеріне ерекше көңіл бөлінеді. Оларды қайта өңдеуге дайындағанда
олар дәннен қиын бөлінеді және жарманың стандарты емес болуына
себепші болуы мүмкін.
Бүлінген дәндер жарманың тауарлық түрі мен оның сапасын төмен
детеді, сондықтан оларды дәнді анализдеу кезінде бөлек есепке алады.
Қарақұмық, тары мен күріш дәндерінде қиын бөлінетін қоспаны
бөліп алады. Қарақұмық дәнінде қиын бөлінетін қоспаға жабайы шо
-
мыр, қарабидай, бидай, бұршақ, татар қарақұмығы; тарыда – тауық та
-
рысы, сұр қылтан, қарақұмықша, егіс шырмауығы, мыңбас шөбі; күріште
– тары тәрізді (сулуф, қурмақ) жатады.
Күріш ластануын анықтауда барлық желінген, жетілмеген, сондай
ақ басу кезіндебұзылатын, кесіндіде шыны тәрізді дағы бар немесе
толығымен ұнды эндоспермді жасыл дәндер массасының ¼ін, шөп
шаламды қоспасына, ал осы дәндер массасын ¾ін дән қоспасына
жатқызады.
Барлық дақылдарды анализдеуде дәнді қоспада қауызсыздалған
дәндерді бөледі, өйткені олар дәнді жармаға өңдеу үдерісінде ұсақталып,
бүтін жарманың шығымын төмендетіп және ұсақталған жарманың
шығымын көбейтеді.
Қауыздылық
– арпа, сұлы, тары, күріш дәндерінде гүлді қабықтар
және қарақұмық дәнінде жемісті қабықтардың пайыздық мөлшері
(МЕМСТ 1084376). Қауыздылықты анықтау үшін шөпшаламды және
дәнді қоспалардан, ал сұлы дәнінде – майда дәндерден тазартылған таза
дән қолданады.
Сұлы, күріш және қарақұмықтың бастапқы өлшенді массасы 50 гды,
тарыда – 25 гды құрайды. Қауыздылықты анықтау үшін алдын ала
267
қоспалардан тазартылған дән өлшендісінде сұлы мен күріш үшін 5 г
массасын және тары мен қарақұмық үшін 2,5 г массасын екі өлшендісін
алады. Сұлы дәнінен қауызын қолмен ядроны сығу арқылы, қарақұмық
дәнінен – қолмен немесе ВПГ1 құралында бөледі.
Сұлы қауызсыздағышының эксперименталдық үлгісінде (77сурет)
ауа сепараторы мен пневмотасымалдағыш жүйесімен өнімді қайтарумен
жұмыс істейді. Құрал қалақты дөңгелек пен декадан тұрады. 5 г дән
өлшендісін жұмыс зонасына түсіріледі, дөңгелек қалақтары мен деканың
тісті бетіне соғылу нәтижесінде дән қауызсызданады. Ауа сепарация
сымен қауыздарды ядродан ажыратады. Тары мен күріш дәндерінен
қауыздарынқолмен немесе ЛШ1 және ГДФ1М қауыздағыштар көме
гімен алады.
Достарыңызбен бөлісу: |