264
құрғақ сарымсақты тұзбен, тағамды ақуызбен байытқыштармен және
т.б. қолданады.
Қоспалдарды қосудың ең қарапайым тәсілі – домалату қазандығында
(айналу жиілігі 2527 айн/мин) жүгері түтікшелерін өңдеу болып табы
-
лады.
Қазандыққа жүгері түтікшелерін толтырып салады және өлшегіш
дозатормен ақырындап массаны 45
минут бойы араластырып,
тазартылған өсімдік майын құйып отырады. Өнімнің бүкіл бетіне майды
бірқалыпты үлестірген соң, домалату қазандығына алдын ала өңделген
қоспаларды қосады. Лимонды жүгері түтікшелерін дайындау кезінде
домалату қазандығында өсімдік майын қосқан соң лимон эссенциясын
қосады, ал содан кейін лимон қышқылы мен қант опасын қосады.
Ванильді, дәм қабықты және сарымсақты қоспаларды дайындау
үшін алдын ала араластыру машинасында дәм қабықты, ванилинді не
-
месе сарымсақты ұнтақтармен қант опасынан құрғақ қоспалар дайын
-
дайды.
Тәтті және тұзды түтікшелер әзірлеу кезінде домалату қазандығында
өсімдік майын қосқан соң, қант опасы немесе ұнтақталған тұзды
қосады.
265
V БӨЛІМ
ТЕХНОХИМИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
12-ТАРАУ
ЖАРМА ЗАУЫТТАРЫН ТЕХНОХИМИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
12.1 Жарма зауыттарын технохимиялық
бақылаудың міндеттері
Жарма зауыттарын технохимиялық бақылау келесілерді қарас
тырады:
дән түскен кездегі оның сапасын анықтау, оны орналасуын және
сақталуын бақылау;
қамбададәнді
тазалау мен кептіруді бақылау;
дәннің қайта өңделетін партияларын құру;
өнімнің
шығымын есептеу және бақылау;
технохимиялық бақылаудың схемасын мен кестесін құрастыру;
дәнді жармаға дайындау
мен қайта өңдеуге бақылау;
дайын өнім сапасын бақылау және оның стандартты нормамен
сәйкестігін анықтау;
жарманы дұрыс буыптүю мен таңбалауды тексеру;
сақтау, жіберу мен
тиеуде жарма сапасын бақылау;
өндіріс корпусы мен қамбада тазартуды жүргізу және барлық астық
өнімдерінің сапасы бойынша есепті құру.
Өндірістіктехникалық лаборатория (ӨТЛ) жұмыскерлері дәнді қайта
өңдеуге дайындаудың жаңа тәсілдерін жасау мен енгізуге қатысуға
міндетті, технологиялық үдеріс жүрісіне бақылау үшін қолданатын
әдістер мен құралдарды жетілдіру, технологиялық үдерісті реттеу мен
автоматтық жүйесін басқаруды енгізуде көмек көрсетулері қажет. ӨТЛ
жұмыскерлерінің барлық қызметі дән ядросын ұтымды қолдану, жарма
шығымын көбейту мен сапасын жақсарту, жарма шикізатын дайындау
мен қайта өңдеу үдерісін жетілдіруге бағытталу керек.
Достарыңызбен бөлісу: