Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет152/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

№12 зертханалық жұмыс
ӨЗДІГІНЕН СҰРЫПТАйТЫН ЖАРМА БӨЛГІШТЕРДІҢ 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ
Жұмыс мақсаты:
Өзіндік сұрыптау әдісімен дәннен ядроны 
іріктеу үдерісін оқып­үйрену, алынатын өнімдермен танысу, өздігінен 
сұрыптайтын жарма бөлгіштердің өнімділігі мен технологиялық 
тиімділігін анықтау.
Алдын ала ескерту.
Егер лабораторияда падди­машина немесе 
құры лымы бойынша басқа күрделі жарма бөлгіштер болмаған жағ­
дайда желіні қажет етпейтін қарапайым өзіндік жарма бөлгішті құру 
ұсынылады және кез келген ағаш ұста шеберханасында дайындалуы 
мүмкін. Мұндай қарапайым қондырғы білімгерлерді – күріш пен сұлыны 
өңдеуде өндірісте қолданылатын түптұлға өнімдермен алынатын жар
-
ма бөлу үдерісін құру принципімен таныстыруға, жарма бөлу маши
-
на жұмысының тиімділігін анықтауға және дәндік қоспаларды тазалау 
мен байытуға арналған өзіндік сұрыптау заңдарын оқу және қолдану бо­
йынша ғылыми үйірмелерде эксперименталды жұмыстарды жүргізуге 
мүмкіндік береді. 
Мұндай жарма бөлгіштің жұмыс органы – бұл өнімді қабылдау 
жағынан тығыз матамен жартылай жабылған қозғалмайтын көлбеу ме
-
тал тоқымалы елек.
Қораптан шығатын өнім ең бірінші мата бойынша (өзіндік сұрыптау 
аймағы), сосын електің ашық бөлігімен (елеу аймағы) қозғалады. Мата 
бойынша қозғалғанда өнімде өзіндік сұрыптау жүреді, ол електің ашық 
бөлігіне келгенде ағынның төменгі қабатында еленетін айтарлықтай таза 
ядро болады, ал ағынның жоғары қабатындағы қауыздалмаған дәндер 
елекке жетпей кетіммен кетіп отырады. Алынған екі өнім сапасы бойын
-
ша ерекшеленеді: А кетімі (байытылған өнім) аздаған необруш мөлшері 
бар негізінен ядродан, ал В кетімі қауыздалмаған дәндерден тұрады.
Өздігінен сұрыптайтын жарма бөлгіштер өнімді және шанақ көлбеу 
бұрышын, өзіндік сұрыптау аймағының ұзындығын, өнім қабатының 
қылыңдығын (тиеу) дұрыс таңдағанда қауыздалмаған дәндерден 
қауыздалған дәндерді жақсы бөлетін болады. Бұл параметрлерді өңделетін 
дақыл түріне, ылғалдылығына, ірілігіне, компоненттер құрамына және 
т.б. байланысты өзгереді. Олардан қондырғының өнімділігі байланыс­
ты болады.
Жақсы сұрыптау үшін жоғары шанақта біріншілік сұрыптаудан кейін 
төменгі шанақта екіншілік қосымша сұрыптау жүретін екі қабатты жар
-
ма бөлгіш құрылған.


348
Сұрыптау нәтижесінде төрт өнім алынады, оның екеуі соңғы: таза 
өнім (байытылған) және қауыздалмаған дәндері бар кетімді.
Қалған екі өнім (екінші шанақ елегінің кетімі мен үшінші кузов 
елегінің өтімі) өзінің сапасы бойынша бастапқы өнімге сай, оларды
қайта жарма бөлгішке қайтарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет