Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет148/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Тапсырма.
Гидротермиялық өңдеу режимдерінің сұлының 
технологиялық қасиеттеріне әсерін зерттеу.
Жұмыс мақсаты және орындалу тәртібі. Сұлы партиясынан массасы 
1,5­2 кг үлгіні алу, оларды майда дәндер мен қоспалардан тазалау (1,9х20 
мм елек өтімі). Тазаланған дәндердің ылғалдылығын анықтау.


338
Тазаланған дәндерді екі өлшендіге бөлу (600­800 г), олардың 
біреуін гидротермиялық өңдеуге жіберу. Булағышқа қажетті суды құю 
(нұсқаулыққа сәйкес), тіреуішке дәні бар кассетаны орнату, булағыштың 
қақпағын нығыз жабу және оны электрожеліге қосу. Булағыштағы 
қысымды қажет шамаға дейін жеткізу. Берілген қысымда және қажетті 
уақытта дәнді ұстау, қыздыруды өшіру және қысымды шығару. Булағышта 
қысым атмосфералыққа жеткен уақытта ақырын оның қақпағын ашу 
және дәні бар касетаны шығару.
Сұлыны булаудан кейін бірден кептіру (көп ұстамай). Кептіру шка
-
фын алдын ала дайындау (дән буланып жатқанда шкафтағы темпера
-
тураны 90­100°С­ға дейін көтеру). Дәні бар кассетаны шкафқа қойып 
сұлының 80°С­дан аспайтын температурасында 10­11% ылғалдылыққа 
дейін кептіру. Кептіруден кейін сұлы өлшендісін аспираторда бөлме тем
-
пературасында ауа ағынымен салқындату. Салқындатқаннан кейін сұлы 
ылғалдылығын анықтау.
Әр өлшендіні зертханалық қауыздау машинасында (қауыздау 
құралында, зімпара обойкасында және т.б.) жеке қауыздау. Қауыздау 
нәтижесінде алынған өнімдерді Ø2 мм және №08 електерінде елеу. №08 
елек өтімі – ұнтақты, сондай­ақ Ø2 мм елек өтімі мен №08 елек кетімі 
(Ø2 мм /№08) – ұсақ жарманы өлшеу және барлық өлшендіге пайызбен 
олардың шығымын анықтау және нәтижелерді 105­кестеге енгізу. Егер 
ұсақ жармада майда қауыз болса, онда оны алдын ала белгілеу керек. 
Ø2 мм електен алынған кетімді аспирационды колонка арқылы өткізу 
және қауызды бөлу. Бұл қауызға ұсақ жармадан алынған қауызды қосу. 
Қауыз массасын анықтау, оны пайызбен көрсетіп нәтижелерін 105­
кестеге енгізу.
105-кесте 
Сұлыны қауыздаудағы өнімдер шығымы
Дән ылғалды­
лығы және 
гидротермиялық 
өңдеу режимі
Сұлыны қауыздаудаудағы өнімдер шығымы, г (алым) 
және % (бөлім) барлығына
қа
уыз
да
лған 
дәндер, К
қа
уыз
да
лм
аған 
дәндер, Н
ұнт
ақт
алған 
дәндер, 
d
ұнт
ақ, М
қа
уыз, Л
бар
лығы, Р


339
Бақылау үлгісі, 
ω=12,9 м
ω=10,3; 
р=2 ати; 
τ=6 мин
Қауыздалған және қауыздалмаған дәндер қоспасын өлшеу және 
барлық үлгінің жалпы массағa P пайыздық қатынасын G анықтау:
Бөлгіштің көмегімен қоспадан 10 г өлшендіні алады, оны қауыздалған 
K және қауыздалмаған H дәндерге бөледі және олардың пайыздық 
қатынасын келесі формулалармен анықтайды:
және
мұндағы: а – 10 г өлшендіден алынған қауыздалған дән массасы, г.
Алынған нәтижелерді 105­кестеге енгізу.
Жүргізілген жұмыс нәтижелерінің негізінде гидротермиялық өң­
деудің бекітілген режимдерінің дән мен қалдық (жемдік ұсақ және 
ұнтақ) шығымына әсері жайында түйіндер жасау. Көзбен дәннің 
құрылымы (шынылығы) мен түсінің өзгеруін салыстыру. Егер лабора
-
торияда құралдар болса гидротермиялық өңдеуге дейін және кейін дән 
беріктілігінің салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет