333
Бұл жұмысты елеуішанализаторларда жүргізеді. Олар дөңгелек
үдемелі қозғалыс жасайтын дөңгелек рамалармен және қайтарымды
үдемелі қозғалыс жасайтын тікбұрышты рамалармен болады (84сурет).
Дәнді електі вибрационды классификатор (85сурет) көмегімен және
қолмен сұрыптауға болады (МЕМСТ 1093964 «Дән. Ластығын, май
-
да дәндер өтімін, біркелкілігін және ірілігін анықтау әдістері» және
МЕМСТ 1098664 «Дән. Бүлінген және ұрылған дәндердің мөлшерін
анықтау тәсілдері»).
85-сурет
. Електі вибрациялық классификатор
1 – елек жиынтығы; 2 – вибратор; 3 – күштену реттеуіші
Қарақұмық, асбұршақ пен жүгеріні зертханалық сұрыптағанда дөң
гелек саңылаулы електерді, ал тары, сұлы, күріш пен арпаны сұрыптағанда
бойлық саңылаулы електерді қолданады. Електер кешенін келесі
тәртіппен орнатады: тұғырық; шөпшаламды және дәнді қоспаларды
бөлуге арналған саңылау өлшемдері бекітілген стандартқа сай елек;
майда дәндерді бөлуге арналған сәйкес дақыл түріне стандартпен
қастырылатын елек және екі іргелес електердің диаметрде немесе енінде
айырмашылықпен саңылаулардың ақырын үлкейетін өлшемдері бар елек
-
тер: тары үшін δ=0,1 мм, ал барлық қалған дақылдар үшін δ=0,2 мм.
Сұрыптау ұзақтығы 5 мин.
Достарыңызбен бөлісу: