Байланысты: (K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы
№5 зертханалық жұмыс МЕТАЛЛМАГНИТТІ ҚОСПА МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ Жұмыс мақсаты : «МЕМСТ 2023974 Ұн, жарма және кебек.
Металлмагнитті қоспаны анықтау әдістері» бойынша ұндағы метал л
магнитті қоспаны анықтау және әдісемені меңгеру.
Анализді бүлінуін анықтағаннан кейін 1 кг жармаға жүргізеді, соны
-
мен қатар бүлінуін анықтағанда алынған електер кетімі мен өтімдерін
біріктіреді.
Металлмагнитті қоспа мөлшерін анықтау үшін 1 кг жарманы тегіс бет
-
ке қалыңдығы 0,5 см біртекті қабат қылып төгеді және жүк көтерімділігі
12 кг таға тәрізді магниттпен металлмагнитті қоспаларды шығарады.
Қоспаларды алуды кем дегенде 3 рет қайталайды. Магниттен ұн шаңын
тазалап тұрады, ал магнитке жабысқан металлмагнитті бөліктерді
сағаттық шыныға жинайды.
Жиналған металлмагнитті қоспаларды сағаттық шынымен қоса дәл
ділігі 0,0002 г аналитикалық таразыда өлшейді және олардың мөлшерін
дәлділігі 0,001 г 1 кг жармаға миллиграммен көрсетеді.
Стандарт бойынша жарманың барлық түрінде 1 кг жармадағы
металлмагнитті қоспа мөлшері 3 мгнан аспауы керек. Қоспаның бөлек
бөлшектерінің мөлшері ең үлкен сызықтық өлшеуде 0,3 ммден аспа
-
уы тиіс, ал кен немесе қоқыс бөлек түйіршіктерінің массасы 0,4 мгнан
аспауы тиіс.
Ірі бөлшектерді 0,3 мм шаршы жағынан арнайы торда 510 есе
үлкейтетін үлкейткіш әйнекті қолдана отырып өлшейді, ал ең үлкен кен
және шлак түйіршіктерін өлшейді.
Материалдар мен жабдықтар: 1. Үстелдік гірлік таразы;
2. Аналитикалық таразы;
3. Жүк көтерімділігі 12 кг болатын таға тәрізді магнит;
4. (Щетка), сағаттық шыны, сүйір ағаш сөре;
5. Металлмагнитті қоспа өлшемін анықтауға арналған шаршы жағы
0,3 мм өлшемді тор;
6. 56 есеге үлкейтетін үлкейткіш әйнек.
325
Бақылау сұрақтары: 1. Жармадағы металлмагнитті қоспаларды қандай мақсатта анық
тайды?
2. Жармада металлмагнитті қоспа мөлшерін қалай анықтайды?