Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет142/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

№6 зертханалық жұмыс
ЖАРМА ІРІЛІГІ НЕМЕСЕ НӨМІРІН, ҚОСПАЛАРЫН 
ЖӘНЕ САПАЛЫ ЯДРОНЫ АНЫҚТАУ
Жұмыс мақсаты
: «МЕМСТ 26312.4­84 Жарма. Жарма қоспаларының 
ірілігі мен нөмірін және сапалы дәндерін анықтау әдістері» бойынша 
жарма ірілігі мен нөмірін, қоспаларын және сапалы ядроны анықтау 
және әдістемемен танысу.
Кейбір жармалар үшін (арпа, бидай, жүгері) стандарт ірілікті (нөмір) 
анықтауды қарастырады.
Өлшемдері бойынша тегістелген ядро бөліктері біруақытта піседі, 
сондықтан ядро бөліктерінен тұратын жармалар үшін үлкендігі бойын
-
ша сұрыптау қарастырылады. Жарма түрлері түйіршік өлшеміне байла
-
нысты келесі нөмірлерге бөлінеді: перлов 5­ке, арпа (ячневая) 3­ке, Пол
-
тава 4­ке, ажарланған жүгері 5 нөмірге (кесте 100).
100-кесте 
Жармадағы қоспалар мен ірілікті (немесе жарма нөмірлерін)
анықтауға арналған өлшенді массасы

Жарма
Өлшенді 
массасы, г
1
Бүтін және жарылған асбұршақ
100
2
Қарақұмық, ұсақталмаған сұлы, №1, №2 жүгері, 
№1, №2 және №3 бидай, №1, №2 және №3 перлов, 
№1 арпа (ячневая), ұсақталған асбұршақ
50
3
Күріш, №4 және №5 перлов, №2 және №3 арпа 
(ячневая),№4 бидай, №3 жүгері, Артек, тары, 
сұлы үлпектері
25
4
Ұсақталған сұлы, ұсақталған күріш, ұсақталған тары 
және майда жарма (продел)
20
5
Арпа жармасында недодир
10


326
Массасы 25 г­нан кем өлшендіні, сондай­ақ ұнтақ жармасы, жүгері 
мен сұлы үлпектерінің өлшендісін орташа үлгіден қолмен алады. Жарма­
ның басқа түрлеріне өлшенділерді бөлгіште алуға рұқсат етіледі.
Қоспаларды анықтау. 
Жарманың бөлініп алынған өлшенділерін талдаудың алдында ұрылған 
дәндер мен ұнтақ мөлшерін анықтау үшін 101­кестеде келтірілген елек
-
терден өткізеді.
101-кесте 
Ұрылған дәндер мен ұнтақ мөлшерін анықтауға арналған елек 
саңылауларының өлшемдері
Жарма
Ұрылған ядролар 
(електің өтімі)
Ұнтақ (електің өтімі)
Тары
1,5
056
Қарақұмық
1,6х20
08
Күріш
1,5 (қалдық)
1,5
Сұлы
2,0
063
Арпа

056
Бидай

063
Жүгері

1,5
Жарманың барлық түрі

Ұсақталған асбұршақты саңылаулары 2,5 мм елек өтімімен және 
саңылаулары 1,5 мм елек кетімімен бөледі, ал ұсақ жарма саңылаулары 1,5 
мм елек өтімімен және саңылаулары 1,0 мм елек кетімімен және ұнтақты 
саңылаулары 1,0 мм елек өтімімен бөледі. Іс жүзінде барлық жарма
-
ларды зертханалық елеуіштерде минутына 120 айналу қозғалысымен 
3 мин аралығында елейді. Тек қарақұмық, ұнтақ және жүгері жармала
-
рынан басқалары. Бойлық саңылаулы електерді қолданғанда өлшендіні 
қайтарымды үдемелі қозғалыспен (тербелу амплитудасы 10 см) қолмен 
елейді. Сонымен, бүтін жарманы (ядрицаны) 3 мин аралығында, ал май
-
да жарманы (проделді) 1 мин аралығында 110­120 қайтарымды үдемелі 


327
қозғалыспен елейді, ал ұнтақ және жүгері жармаларын зертханалық 
елеуіштерді 10 мин аралығында минутына 180­200 айналу қозғалысымен 
елейді. Елеу кезінде елекке диаметрі 1 см­ге жуық, қалыңдығы 0,3 см 
және массасы 0,4 г­ға жуық 5 резеңкелі дөңгелектер салынады.
Електе қалған қалдықтар мен кетімдерді өлшейді. Сосын елек кетімі 
мен өтімін бөледі, барлық қоспалар фракцияларын қолмен бөледі:
1. Шөп­шалам қоспасы:
­ минералды – құм, ұсақ жұмыр тас, топырақ бөлшектері, егеуқұм, 
кен және қоқыс;
­ органикалық – масақты қабыршақ, түсті қабықтар, сабақ, сыпырғыш 
және қылқандар бөліктері;
­ шөп­шаламды тұқымдар – барлық жабайы және мәдени өсімдіктердің 
тұқымдары;
­ зиянды – қара күйе, қастауыш, түлкіқұйрықты ақмия, түрлі­түсті 
шегіршін;
ерекше ескерлетін қоспа – қарамықша.
2. Бүлінген дәндер – шіріген, көгерген, көмірленген және анық 
өзгерген түсі бар дәндер;
3. Қауыздалмаған дәндер – түсті қабықтар, жемісті (қарақұмық) не
-
месе тұқымды (асбұршақ) қабықтардан ажыратылмағандар;
4. Ұнтақ – 101­кестеде көрсетілген електермен елеуде өткен жарманың 
майда бөлшектері;
5. Ұрылған дәндер – 101­кестеде (2­бағана) келтірілген електерден 
өткен ядро бөліктері және ұнтақты бөлу үшін қабылданған (3­бағана) 
електерде қалғандар.
Перлов және арпа (ячневая) жармаларында қоспаларға недодир 
(толық қауыздалмаған) жатқызылады. №1 және №2 перлов жармасында 
недодир болып ядро бетінің төрттен бірінен көп түсті қабықшалардың 
бороздкадан тыс қалдықтары бар ядролар саналады. Ал №1 арпа (яч
-
невая) жармасында түйіршік жиегіне шығып кеткен түсті қабықшалар 
қалдықтары болып табылады.
Недодирді бөлек массасы 10 г өлшендіде органолептикалық түрде 
әр ядроны 5­10 есе үлкейткіш әйнекпен үлкейту арқылы немесе ядро
-
ларды марганецқышқылды калийдің 2%­дық ерітіндісімен бояу арқылы 
анықтайды. Бұл үшін массасы 10 г жарма навескасын метал електе 
марганецқышқылды калийдің 2%­дық ерітіндісіне 1 минутқа түсіреді, 
сосын оны 0,5 мин аралығында су ағынында жуады. Жарманы сүзгіш 
қағазда кептіреді және қарайған ядрода анық көрініп тұрған қабықтары 
бар дәндерді ажыратады. Ядроларды айнада қарастырады. Недодирді 


328
және қалыпты өңделген жарманы кептіргеннен кейін өлшейді. Недодир 
мөлшерін пайызбен белгілейді.
Күріште қоспаларға сапалы дәндерге қосылған шамалардан асатын 
сарғайған және жабысқақ дәндерді жатқызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет