Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет150/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

№11 зертханалық жұмыс
КүРІШ ЖӘНЕ СҰЛЫ ЗАУЫТТАРЫНДА ЖАРМА БӨЛУ 
үДЕРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ
Жұмыс мақсаты
: Білімгерлерге жарма бөлу машиналары жұмы­
сының технологиялық балансын есептеуді және жарма бөлу үдерісінің 
технологиялық тиімділігін анықтауды үйрету.


342
Алдын ала ескерту
. Технологиялық тиімділікті әр жеке жарма бөлу 
машинасы үшін, сондай­ақ машина топтары (негізгі және бақылау) үшін 
анықтауға болады, олар қоспаны сұрыптауда екі өнім берулері тиіс:
­ жармаға тікелей жіберілетін ядро (қарақұмықты өңдеудегі ядрица) 
немесе оны ажарлаудан кейін (күріш пен сұлы ядролары);
­ қайта қауыздауға жіберілетін аздап ядро мөлшері бар қауыздалмаған 
дәндер.
Жарма бөлу технологиялық тиімділігі келесі көрсеткіштермен 
анықталады:
­ αβ қоспасын бөлу дәлділігімен;
­ γ бөлінген ядро тазалығымен.
Қоспаны бөлу дәлділігін α ядроны бөлу деңгейі мен β дәнді бөлу 
деңгейін анықтау жолымен құрылады (87­сурет).
87-сурет
. Жарма бөлу технологиялық тиімділігін анықтау
а – бөлек машинаның; б – машиналардың тобы: 1 – негізгі машина, 
2 – бақылау машина


343
Ядроны бөлу деңгейі α – бұл байтылған өнімге алынған ядро санының 
К1 сұрыптауға түскен қоспадағы оның мөлшеріне К қатынасы,
Дәнді бөлу деңгейі β – бұл қайта қауыздауға жіберілетін өнімдегі 
алынған дән мөлшерінің Н
2
сұрыптауға түскен қоспадағы Н мөлшеріне 
қатынасы:
Бөлінген ядро тазалығы γ – байытылған өнімдегі ядро санының К1 
жалпы бөлуге қатынасы:
.
Бөлінген ядро тазалығының γ көрсеткіші қарақұмық өңдеу өнімдерін 
сұрыптаудан кейін 0,997­ден кем болмауы керек, ал күріш пен сұлы 
(ажарлауға жіберілетін) үшін 0,985­тен кем емес.
Жарма бөлу үдерісінің технологиялық тиімділігі немесе жеке 
машинаның жұмысы келтірілген үш коэффициенттің өнімділігімен си
-
патталады:
Бір зертханалық немесе өндірістік машинаның немесе негізгі және 
бақылау жарма бөлгіштерден тұратын машина тобының (жарма бөлу 
үдерісін) технологиялық тиімділігін есептеу үшін үдерістің сандық­
сапалық технологиялық балансын есептеу керек. Баланс көрсеткіштері 
сұрыптау сапасын сипаттайды және есептеу формулаларына кіреді.
Үдерісті анализдеу жарма бөду нәтижесінде алынатын екі соңғы 
өнімдер саны мен сапасын анықтауға негізделген: байытылған ядро мен 
қауыздалмаған дәндер (қауыздауға қайта жіберілетін кетімді өнім).
Баланс нәтижелері жарма бөлу үдерісін қандай машинада жүргізгенге 
байланысты емес, ол падди­машиналар, БКО жарма бөлгіштер, триер
-
лер немесе басқа машиналар немесе түрлі машиналар (мысалы, өзіндік 
сұрыптағыш жарма бөлгіштер және бақылау падди­машиналар) кешені 
болуы мүмкін.


344
Жарма бөлу машиналарының зертханалық қондырғы мен өндірістік 
кешені жұмысын бақылау мен анализдеу әдістемесі бірдей. Балансты 
есептеу өнімнің көп мөлшерінің түсуімен қиындатылған өндірістік 
жағдайларда жұмысты жүргізу әдістемесі келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет