Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет147/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

№9 зертханалық жұмыс
ГИДРОТЕРМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУДІҢ СҰЛЫНЫҢ 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ӘСЕРІ
Жұмыстың мақсаты:
Білімгерлерді сұлыны гидротермиялық 
өңдеумен, оны жүргізу әдістерімен және технологиялық қасиеттерді зерт
-
теу тәсілдерімен, сондай­ақ олардың гидротермиялық өңдеу нәтижесінде 
жүретін өзгерістермен танысу.
Алдын ала ескертулер.
Білімгерлердің бір тобы булаудың түрлі 
режимдерінде және үлгілерді келесі қауыздауға кептірудің бірдей 
режимінде сұлы дәндерін гидротермиялық өңдеудің әсерлерін зерттеуді 
жүргізеді (мысалы, «әлсіз» – Р=0,5 ати бу қысымында және τ=2 мин 
әсер ету ұзақтығында және «қатты» – Р=2,5 ати бу қысымында және 
τ=6 мин әсер ету ұзақтығында), алынған өнімдерді зерттейді және 
қауыздау үдерісінің технологиялық тиімділік коэффициентін анықтайды 

т.э

ш
ε
ц.я
). 2­3 білімгерден тұратын келесі топ гидротермиялық өңдеуден 
өтпей қалған бақылау үлгісін қауыздау нәтижелерімен гидротермиялық 
өңдеуді өткен дәнді салыстырмалы қауыздау нәтижелерін бағалайды.
Егер сұлы үлгісін толық қауыздау үдерісі оны көп реттік қауыздау 
нәтижесінде жүргізілсе, дәнді қауыздау машиналары арқылы өткізу 
санын немесе үздіксіз қауыздауда өңдеу ұзақтығын салыстыру және 
белгілеу керек.
Дәнді булау үшін зертханалық және медициналық тәжірибеде түрлі 
материалдарды бумен стерилизациялау үшін қолданылатын АВ­1 мар
-
калы автоклав қолданылады.
Дәнді тесікті немесе металтоқымалы електерден жасалған кассетаға 
себеді және оны булағышқа (автоклав) орнатады. Автоклавпен жұмыс 
істемес бұрын оны қолдану нұсқаулығымен және қысым астында жұмыс 
істейтін сауыттарды қауіпсіз эксплуатациялау Ережелерімен мұқият та
-
нысу және автоклав қондырғысын мұқият оқып­үйрену керек. Сонымен 
қатар, булағышты қосып оның эксплуатациясын арнайы оқытылған ла
-
борант қадағалайды.
Дәнді кептіру шкафында немесе кез келген типті зертханалық 
кептіргіште кептіруге болады, ал салқындату колонкасында немесе 
аспираторда салқындатуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет