74
көрсетуі тиіс, ал жұмыстарды жұмыс орнында міндетті нұсқаулықпен қатар
жүргізу қажет [2].
Машиналар мен механизмдердің объект
аумағы бойынша өтуі және
оларда жұмыс істеу жедел персоналдың бақылауымен жүргізілуі тиіс. Бұл ретте
көтергіш және жылжымалы бөліктер міндетті түрде көлік жағдайында болуы
тиіс. Жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді тікелей кернеуі 35 кВ дейінгі
әуе желілері сымдарының астына орнатуға және жұмыс істеуге тыйым
салынады.
Ток өткізгіш бөліктерден кернеуді түсірмей жұмыс істеу кезінде
механизмдер жерге тұйықталуы тиіс. Егер жүк көтергіш машина мен механизм
күтпеген жерден кернеу астына түссе, онда кернеу алынғанға дейін оларға қол
тигізуге, оларға көтерілуге немесе олардан жерге түсуге тыйым салынады. Жүк
көтергіш машиналар мен механизмдердің найзағай түскен кезде,
сондай-ақ
жүктердің ток өтетін бөліктерге жақындауын тудыратын жел кезінде жұмыс
істеуіне жол берілмейді.
Бұдан басқа, кернеуі 220 кВ дейінгі тарату құрылғыларында
тасымалданатын металл сатыларды қолдануға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: