33
аурухана бөлмесінде әр қатынасу кезінде, абайсызда айтыл-
ған
сөздің керісінше, теріс әсер тигізетінін, медицина
қызметкері әрқашанда ойынан шығармауы керек.
Халықта
айтылған мәтел: «Сөз емдейді де, сөз жаралайды да».
Науқасқа сөгіс айту, ескерту жасау.
Науқас ауруханада емделу тәртібін және режимді бұзуына
Скійланысты оған сөгіс айтылады, ескерту жасалады. Мұндай
жағдай
туі анда, медициналық қызметкер нақты, анық, дәл
және қысқа сөйлейді. Әңгіме нәтижесінде ауру адам дәрігер-
дің айтқанын толық түсініп, қабылдауы керек. Медициналық
қызметкер ашу-ыза кейіп көрсетпей,
объективті және сы-
пайы, әдепті түрде қарым-қатынас жасағаны дұрыс. Меди-
циналық қызметкер науқастың және басқа аурулардың
мүддесін қорғап тұрғанына сенімді болған жағдайда ғана,
науқаста негативті (теріс)әсер тумайды.
Достарыңызбен бөлісу: