34
жөтелуі, күлуі, жылауы және сөздердің ритмі мен темпі
қолданылады.
Сонымен вербальды емес
коммуникация қатынасуда қо-
сымша роль атқарып, вербальды коммуникацияның нәти-
жесін жоғарылатып, адамның ой-пиғылына сезінуге ықпал
жасайды.
Вербальды емес коммуникация, қатынасушыларға
ақпаратпен алмасуға әсер етіп, бірлесіп әрекет жасауға
мүмкіншілік береді.
Сөзбен қатар вербальды емес тәсілдерді қолдана білу,
медициналық қызметкердің коммуникативтік білгерлігінің
дәрежесін
жоғары деңгейге жеткізіп, шеберлігін шыңдап,
сомдайды.
Сырқаттанып, ем іздеп келген адам ерекше сезімтал бо-
луына байланысты, медициналық мекемеде оған ерекше жағ-
дай жасалып, оның бәрі жәрдем беруге, науқастың қасіретін
жеңілдетуге арналғанына, бағытталғанына
науқастың көзі
жетуі керек. Яғни, емделу тіркелуден және қабылдау бөлім-
шесінен басталады. Науқаспен алғашқысында жанасатын
мейірбике және кіші мейірбике өздерінің сезімталдығын,
қайырымдылығын, іскерлігін және жәрдем беруге даярлығын
көрсетіп, дәрігердің қабылдауының алдында, науқасқа жайлы
жағдай жасай білгендігі маңызды. Медициналық қызметкер
тарапынан қайырымдылық
жасауға даярлық жағдай туды-
рылса, науқастың алғашқыда келгенінде байқалған ұяңдығы,
корқыныш сезімі, психологиялық барьерлер жойылып, меди-
циналық қызметкерге сенімділігі арта түседі. Медициналық
қызметкердің көңіл-күйі ашық екенін, науқастың қасіретін
тыңдауға, жәрдемдесуге даярлығын сезіп, түсінген ауру оған
сенімділік білдіріп, Дұрыс қатынасады. Осы себептен, меди-
циналық қызметкер өзінің жеке басының уайым-ойларын
ұмытып, барлық ынта-назарын
ауруға толық көшірсе, нау-
қастың армандаған үміті мен сенімі арта түсіп, қарым-
қатынасы ойдағыдай өтеді.
Керісінше медициналық қызметкер асығыс екенін сездір-
се, сағатқа қарай отырып, бірден ауру құжаттарын оқуға
кіріссе,
назарын басқа іске аударса, орындықта шалқая