Бердалы мырзаханов


Науқастың бет әлпеті, мимикасы



Pdf көрінісі
бет23/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

Науқастың бет әлпеті, мимикасы 
қарым-қатынас кезінде 
маңызды орын алады. Ол науқастың нағыз ойын, сезімдерін 


 
 
37 
және эмоцияларын айқындайды. Бет әлпеті науқастың психо-
логиялық күбылыстарын сипаттайды: назалануын, қорқуын, 
қайғыруын т.б. Мысалы, еріннің бұрыштары төмен түсіп 
тұрса, науқастың қайғыру үстінде екенін, шаршап, қалжыра-
уын көрсетеді. Ал ерін бұрыштары жоғары қарай бағытталса- 
медициналық қызметкерге тәуелділігін, оның мақұлдауын, 
демеуін күтіп тұрғанын, сенімсіздік ойын бейнелейді. Ауыз 
сызығы тік болса-науқастың жағдайы жақсарған деп 
болжауға болады. 
Науқастың мурын мен ерін қатпары қайғыру эмоцияларын 
көрсетеді. Маңдайдың горизонтальді сызықтары, қабағының 
көтерілуі, көзі үлкейіп, аузын ашуы, оның таң қалғанын көр-
сетеді. Маңдайда вертикальді сызықтардың болуы және қаба-
ғы түсуі, көзі қысылуы, аузын қысуын-науқастың назалануын 
бейнелейді. 
Науқастың қас-қабағын, бет қимылдарын байқап, түсіну 
арқылы медициналық қызметкер оның ішінде жасырын 
жатқан пиғылын, көңіл-күйін, терең ойын біле алады. Осы 
себептен коммуникативтік білгерлігі арқылы 
медициналық 
қызметкер ем шараларының нәтижесін, олардың науқасқа 
тиімділігін бірталай өсіріп, жоғары дәрежеге жеткізеді. 
Сұхбаттасу барысындағы медицина қызметкерінің де 
жесттері көптеген ақпараттарды білдіре алады, олар меди-
циналық қызметкердің науқасқа деген қатынасын айқындай-
ды. Оған: күлімсіреу, басты изеу, жылы көзбен қарау, арнайы 
мақсатпен қолмен қимыл жасау жатады. Мысалы, кейбір 
жесттер сөйлеу барысындағы сөздер мен сөз тіркесінің 
орнына қолданылуы мүмкін. Ал, дене қимылы және бет Бұл-
шықеттері қозғалыстары арқылы арнайы эмоцияны, көңіл-
күйді білдіруге болады. Жалпы, ерекше мағынаға ие болатын 
белгілер жүйесі коммуникативтік үрдісте маңызды орын 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет