Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет19/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

 
 
31 
жағдайда коммуникативті үрдіске қатысушылардың барлығы 
да әңгіме желісін өз дәрежесінде бағалай білуі керек. 
Сөз - ақпарат көзі және науқаспен сұхбаттасу әдісі ретінде 
қолданылады. Әрине, қарым-қатынас нәтижесін толығымен 
суреттеу үшін коммуникативтік үрдістің құрамын білу 
жеткіліксіз, сонымен қатар, сұхбаттың мақсатын, міндетін 
жан-жақты түсіну керек. Сондықтан, сөйлеу барысындағы 
белгілер жүйесіне аса көп назар аудару қажет. 
Медицина қызметкерлерінің қажетті сөзді Дұрыс қолдана 
білуі, иауқасқа сөз арқылы нақтылы және тиімді әсер етуі-өте 
күрделі, ерекше дайындық қажет ететін және тәжірибе 
арқылы қалыптасын қасиет. Бұл- жоғары мәдениетті, білімді, 
талантты және актерлік кейбір қасиеттерді талап етеді. 
Сөз арқылы әрекет - вербальды коммуникацияға жатады. 
Мұнда қосымша вербальды емес әрекеттер міндетті түрде 
қолданылады. Оларға жататындар: 

Мимика 

Жест (қол қимылдары) 

Поза (дене қалпы) 

Көзқарасы 

Дауыс ерекшеліктері ( екпін, тембр) 
Науқаспен қатынасу кезінде Бұл құралдар тек кешенді 
түрде қолданылады, себебі мұндай жағдайда оның әсері және 
тиімділігі өте жоғары дәрежеде болады. 
Науқаспен жанасуы, көріп зерттеуі, ем тағайындап нұсқау 
беруі тек сөз арқылы бейнеленіп, іске асырылуына байла-
нысты медициналық қызметкерінің науқасқа айтылатын 
сөзіне ерекше талап қойылады. 
Сөздің психолиялық әсері.
Медициналық қызметкер мен науқастың сөз арқылы жана-
суының нәтижесі медицина қызметкерінің көңіл-күйіне, нау-
қасқа көрсеткен назары мен лебізіне, айтылған сөзінің ерек-
шелігіне және медициналық қызметкердің әрбір сөзіне нау-
қастың психологиялық оң не кері әсерін тез арада бағалап, 
оған беретін жауабына, ойына байланысты. Яғни, сөз арқылы 


 
32 
науқасқа психологиялық әсер беріп, оның жауабына байла-
нысты келесі ойын жеткізеді. Нәтижесінде, әңгіменің бары-
сын белсенді түрде өз қолына алады. Сонымен қатар, медици-
налық қызметкердің сөз сөйлеу мәнері, өз-өзіне сенімділігі, 
күш қүдіреті сөздерінің тиімділігі де өте маңызды болады. 
Науқасқа нұсқау бергенде оны қатаң түрде санасына жеткізе, 
күмән тумайтындай, толық орындайтындай сөйлейді. Кейбір 
адамға мұндай сөз мәнері ұнамайды, сондықтан нәтиже де 
әкелмейді. Бұйрық немесе директивті түрде диалог жүргізгені 
көбінесе тиімсіз келеді. 
Медициналық қызметкердің айтылған сөзі, нұсқауы іске 
асырылып, орындалу үшін, оның дауысы жайлы, үнамды 
болуы керек. Науқасқа тез, асыга, қатал және жоғары дауыста 
сөйлеуге болмайды. Сөз мәнерін жоғары дәрежеде жүргізу 
әрбір медициналық қызметкерлерінің міндеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет