42
нашар жақтарына көңіл бөлінбейді немесе жоқталады. Кері-
сінше, егер науқасқа медициналық қызметкердің жалпы көз-
қарасы
теріс болса, онда оның жақсы жақтары да
байқалмайды.
«Проекциялау» әсері
- медициналық қызметкер аналогия
псгізінде науқасқа өзінің жеке қасиеттерін және эмоционалды
жағдайларын ұқсастырады. Медициналық қызметкер адам-
дарды
қабылдай және бағалай отырып, келесі логикалық
қорытындыға жақын болады: «барлық адамдар маған ұқсас»
немесе «басқалар маған қарама-қарсы». Медициналық қыз-
меткер мұндай қасиеттерді
науқастардан көруге жақын
болады.
«Біріншілік» әсер-
Бұл науқас туралы алғаш естіген
немесе көрген мәліметтер өте мағыналы және ұмытылмайтын
болып, келешекте Бұл адамға деген қатынасқа тікелей әсер
ете алады. Егер де, медициналық қызметкер кейіннен науқас
жайындағы бірінші мәліметті
жоққа шығаратын басқа мәлі-
мет алса да, ол бәрібір алғашқы пікірін есінде сақтап, оны
негізгі есепке алады да, науқас
туралы өз пікірін өзгертуге
ұмтылмайды. Ал, науқастың жан дүниесін қабылдауы
дәрігердің көңіл -күйіне байланысты болады.: егер ол көңілсіз
болса (мысалы, өзінің нашар сезінуінен), адам туралы бірінші
көзқарас та нашар сезімді болуы мүмкін.
Сондықтан, таныс
емес адам туралы көзқарас объективті болу үшін,
медициналық қызметкер науқасқа толық және дәл «оған
жағымды көңілмен» қарауға ынталануы керек.
Басқа адамның көзқарасын қабылдауға ынтасының және
әдеттерінің болмауы адам туралы
тек өзінің пікірін жақтап,
тырысуы және оны қорғауы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: