90
Келесі,
III кезеңде,
сұхбаттасушы аурудың осы пікірле-
суден және емдеуден тосатын нәтижелерін анықтауға бағыт-
талады: «Сіз айтқан шағымдардың
қайсысынан тез арылғы-
ңыз келеді», « Келер алдында менімен сұхбат құруға қандай
көзқараста болдыңыз, сіз одан не тосасыз?», «Сіздің ойыңыз-
ша, мен сізге қандай жәрдем бере аламын?». Соңғы сұрақ
науқастың өзі қолдайтын ем тәсілін анықтауға мүмкіншілік
береді, себебі кейбір адамдар медициналық қызметкер
үсынған
емдеуден бас тартып, сенімін білдірмейді.
Сұхбаттың соңғы,
ІҮ кезеңінде
медициналық қызметкер
тағы белсенділікті өз қолына алады. Бұл тәсіл тірек-сызба
арқылы аурудың жағдайын дәл анықтап, оның тұлғалық және
ауруына байланысты
құпияларын ашып, ем нәтижесін өсіруге
болады.
Клиникалық сұхбаттасу үстінде вербальды және вербаль-
ды емес тәсілдерді қолдана білу өте маңызды және мағыналы
болады. Ауруды сұрастырумен қатар,
тілге бейімделмеген
бірталай өте маңызды ақпаратты алуға болады (вербальды
емес). Мысалы, визуалды жанасу, дене қалпын бақылау,
дауыс ерекшеліктері, қол
қимылдары және бет әлпеті
медициналық қызметкерге көптеген мәлімет береді. Алайда,
кейбір жағдайларда, әсіресе депрессивті адамдарға және
шектеулі мәлімет айтылған кезде аурудың көзіне тік
қарамаған Дұрыс болады.
Сонымен қатар, вербальды және
вербальды емес тәсілдерді қолдану, пациент проблемаларын
дәл түсініп, сұхбаттасуға қолайлы жағдай тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: