89
Бірінші кезең
- сұхбаттасуға сенімділік тудыратын
жағдай жасау. Бұл белсенді интервью, ол өте маңызды және
қиынға түсетін кезең.
Интервьюдің әрі қарай ағымы, жалғастыру мүмкіншілігі,
сұхбаттық егжей- тегжейдің толық ашылуы, науқастың
алғашқы пікірі мен көзқарасына байланысты болатыны анық.
Бұнда медициналық қызметкер науқастың көзіне тік қарап,
оған назарын аударғанын көрсетеді.
Медициналық қызметкердің науқаспен қатынасуы мен
сұхбаттың басталуы формалды түрде емес (шағымдарыңыз
қандай?), оны жағдайына және халіне байланысты қолдау
әрекетін жасау қажет. Қатардағы жағдайда «сенімділік
дистанциясын» қуруға пәтиже әкелетін болып келесі пікір
саналады: «Ауруханаға (емханаға) келуіңіз сізге оңай түскен
жоқ. Сіз айтар жайттар, уайымдар тек осы жерде, екеуіміздің
арамызда қалатыны туралы, мен сізге конфиденциалдықты
сақтайтыным туралы кепілдік беремін»,- деп қайталап,
ескертіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: