87
сұхбаттың бір кезеңі болады. Сұхбаттың екінші бөлігінде,
науқастың өз мәселесін толық айтуына, медициналық қыз-
меткердің әдеппен жәрдемдесуі және оның түпкі негізін
түсіндіруі жатады.
Сұхбаттың принциптеріне келесілер жатады:
қойылған сауалдарға медициналық қызметкердің
жасаған тұжырымы дәл, ашық, сәйкес және түсінікті болуы;
бірізділік және адекватты (логикаға сәйкес), біркелкі
болуы;
алынған мәліметті тексеру мүмкіншілігі болуы.
Медициналық қызметкердің қойған сауалдары мен тұжы-
рымдары дәл және тиісті, науқастарға түсінікті, арнайы
терминсіз болуы керек. Олар аурудың тілі мен мәдениетіне,
біліміне сәйкес келуі қажет. Сондықтан науқастың әлеуметтік
статусы, білім дәрежесі, тіл байлығы, мәдениеті мен сөйлесу
мәнері анықталады.
Интервьюдің бірізділігі
дегеніміз, алдымен науқастың
шағымдарына негізделіп, дерттің белгілерін қурастырып,
онан соң бұзылыстарды және олардың себептерін анықтау.
Ол үшін медициналық дерттің белгілерін, психологиялық
әрекеттесу түрлерін және бұзылыстарын білу керек. Әр ауру-
да көптеген клиникалық белгілері болуына байланысты,
олардың барлығының бар жоғын сұрастыру медициналық
қызметкердің білгірлігінің төмен дәрежеде екенін көрсетеді,
науқасты жалықтырып, шаршатады. Сондықтан бірізділік,
аурудың алғашқы шағымдарына, туысқандарының айқын-
ойына, жүріп- тұруына негізделіп, медициналық қызметкер
алғашқы сұрастыратын белгілерін топтастырады. Әрі қарай,
оған байланысты дамитын ауру белгілері мен синдромдары
сұрастырылады.
Медицина қызметкерінің келесі сауалдары аурудың әре-
кеттесу түрін бағалауға, бұзылыс дәрежесімен себептерін
анықтауға бағытталады. Бірізділік принципі бойынша нау-
қасты ұқыпты түрде сұрастырып, аурудың белгілерінің даму
ретін, оларға байланысты себептерін анықтау керек. Мұнда,
88
аурудың баяндауын тәптіштеп, егжей-тегжейіне дейін толық
тыңдап қадағалау, оқиғалардың соңгы нәтижесі, науқастың
ойлары және олардың талқылауы маңызды роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |