Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет98/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

 
 
155 
ниеттілігін, ақылын, білімін сипаттайды десек қателеспейміз. 
Сәнге сәйкес, ұқыпты, таза, әрі қарапайым киінген медици-
налық қызметкерге ауру адамның да сенімі арта түседі. 
Медициналық қызметкердің мінезі сыпайы болса, қызмет 
этикетін дұрыс сақтаса, ауру адамдар онымен ашық сөйлесіп, 
айтқан сөзіне сеніп, көңілдері көтеріңкі болып жүреді. Ондай 
медициналық қызметкер әрбір ауру адамның мұң-мұқтаж-
дығын түсініп, олардың жасына, жынысына, сырқатының 
түріне қарай күлаққа жағымды керекті сөздерді тауып айтып, 
көңілін жүбатады. 
Медициналық деонтологияға, моральдік, этикалық прин-
циптеріне қайшы келетін тәртіп, тәжірибесі мол, жасы үлкен 
медициналық қызметкерлердің арасында кездеседі. Өзінің 
мол тәжірибесіне маңғазданып, көп білгішсініп, ешкімнің 
пікірін тыңдамай, әріптестерін менсінбей жүретін медицина-
лық қызметкерлер де аз емес. Бұндай медициналық қызмет-
кер ұжымның жұмыс нәтижесі жақсы бола қалса, жетіс-
тіктердің бәрін өз үлесіне қосып, ал кемшіліктер болган сәтте 
өз бойынан мін таппай, басқаларды айыптап, қателіктердің 
бәрін солардың мойынына арта салады. Бір ұжымда қызмет 
атқарып жүрген әріптестер арасында жиі кездеспесе де, 
байқалып тұратынтағы бір өте зиянды жағдай - біреудің 
жетістіктерін көре алмаушылық, қызғаныштық. Бойларында 
осындай «қасиеттері» бар медициналық қызметкерлер ұжым-
ның соры. Өйткені ондай «маман» жүрген жерінде өтірік, 
қызғаныштық, іштарлық, қастық т.б жалпы қоғамдық мораль-
ға, этикаға жатпайтын қылықтар тудырып жүреді. Олар 
жақсы маманның беделін төмендету үшін оның соңынан жал-
ған сөз, теріс пікір айтып, кішігірім жіберген қателері болса, 
оны үлкейтіп, көркемдеп, ел арасында таратуды көздейді. 
Медициналық қызметкер білімді маман болумен қатар 
елдің қоғамдық өміріне араласатын, жан-жақты қоғамдық 
азамат, қызметкер болып табылады. 
Медициналық қызметкердің білімі терең, толық, кең, же-
тілген болуы тиіс. Алайда, мұндай білімнің болуы, медици-


 
156 
налық қызметкер тарапынан адамгершілікті, өзін-өзі тәрбие-
леуді дамытуды да талап етеді. 
Адамгершілігі жоғары медициналық қызметкер таңдаған 
мамандығына сай, өзін азамат және медициналық қызметкер 
деп қабылдаған қоғам алдындағы жауапкершілігі негізінде өз 
жұмысын адалдықпен атқара алады. 
Адамдардың медициналық қызметкерлер тұлғасына қойы-
латын талаптарына сараптама жүргізе отырып, медициналық 
қызметкерлердің келесі ең маңызды оң қасиеттерін атауға 
болады. Бұларды науқас адамдар өте жоғары бағалайды және 
арқа тұтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет