Медициналық қызметкер сыпайылығы
- ең басты және
қажетті қасиеттердің бірі болып табылады. Медицина өте көп
жетістіктерге жеткені сөзсіз. Бірақ қазіргі таңда біздің біле-
тіндерімізді салыстырғанда, білмейтіндеріміз көп; біз науқас-
қа толығымен көмек бере алатынымыздан, толығымен көмек
бере алмайтынымыз басым, алайда біз үнемі білімге
ұмтыламыз.
Медицина ғылымының негізін қалаған, көп томды
шығармалар жазған, аты әлемге әйгілі Әбу Әли Ибн Сина
өмірінің соңғы кезінде былайша қорытынды жасаған екен:
«Біз дүниеден өтеміз және өзімізбен бірге яғни, біз ешнәрсе
білмедік деген сананы ғана алып кетеміз».
Медициналық қызметкерлердің шынайылығы басты қа-
сиеттердің бірі болып табылады. Медициналық қызметкер-
лердің ауыр міндеттерінің бірі - науқасқа, оның жақында-
рына, тіпті кейде науқастың өмірі жөнінде қайғылы шешім-
дерді айту болып саналады. Кейде жас, тәжірибесі аз медици-
налық қызметкерлерде оптимист қасиет басымдылық көрсе-
тіп, қазіргі таңдағы медицина бәрін жасай алады дегенді ұста-
нып, қолайсыз жағдайлардың өзінде науқасты, оның туыста-
рын табысқа сендіреді. Әрқашан медициналық қызметкерлер
науқасқа бар шындықты айтуға міндетті емес. Бірақ медици-
налық қызметкерлерге өтірік айтуға тыйым салынған.
Алайда, шындықты айту барысында дәрігер науқас психика-
сына жанашарлықпен қарауы тиіс.
157
Медициналық қызметкерлердің адалдығы өз мамандығы-
ның айналасын ғана қамтитын болса, біржақты болып қала-
тын еді. Кең мағынадағы турашылдық - адалдықтың серігі
болып табылады.
Медицнеа қызметкерінің адам сүйерлік қасиеті барлық ау-
ру адамдарға біркелкі болуы керек, оларды бөлуге, жіктеуге
болмайды. Яғни, медицина қызметкерінің мейірбандығы,
қайырымдылығы және сыпайылығы мен әрекеттері, науқас-
тың дертіне, түріне, сипатына, психологиясына байланыссыз,
барлығына біркелкі болуы қажет.
Жоғары міндеттілік. Бұл - медициналық қызметкерге
қойылатын келесі маңызды талап. Медициналық қызметкер-
лердің өз ісі үлкен жауапкершілік пен ерекше дайындықты
және тәрбиені қажет етеді, ол өмір бойы дамытылып, сапалы
дәрежеге жеткізіледі. Медициналық қызметкерлердің жоғары
міндеттілік сезімі негізінде, оның іс-әрекеті ешқандай күмән
және мін келтірмейтін, жоғары деңгейде орындалады.
Жоғары міндетті медициналық қызметкерлер- дің назарынан
ешнәрсе тыс қадағаланбай қалмайды, барлық іс-әрекет үнемі
оның бақылауында болады. Мұндай медициналық қызмет-
керлерде науқасты зерттеу және емдеу шаралары толық,
уақытында орындалады.
Сондықтан студент кезінен, болашақ медициналық қыз-
меткер жоғары міндеттілік пен жауапкершілік қабілетті
өзінде ерекше тәрбиелеп, дайындауы қажет. Әсіресе, тәжіри-
белі мамандардан клиникалық жағдайда, аурулармен
алғашқы кездескеннен бастап көріп, үйренуі керек.
|