48
кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмай-
ды екеміз?
Сол
өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазы-
намызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді.
Тәннен жан
артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай
қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап,
ауылдағы
боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен.
Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас
ұрғыздық, еш нәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы
қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік.
Көзбен көрген нәрсенің
де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге
салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін
айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Өз білгенің – өзіңе, өз
білгенім – өзіме», «Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен
жарлы бол!» деген дейміз,
артығын білмейміз, айтып тұрса,
ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген
біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта бала күнімізде жақсы
екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек
екен деген адамның ба-
ласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Õайуан
білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз
деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-
тірілерімізді білмей, күретамырымызды адырайтып кетеміз.
?
Достарыңызбен бөлісу: