«ӘДЕБИЕТ ШЕЖІРЕСІНЕН»
(үзінді)
Ұлы
орыс халқының жан
-
жакты дамыған, кең тынысты өскелең
әдебиетінен үлгі алуымыз заңды, рухани өсу жолымызда біз мұны іске
асырып та келе жатырмыз.
Есейген марқа мәдениет үлгілерінен кейін шыққан елдің нәр алатыны
даусыз.
Ешбір мәдениет бір күнде тумайды, көре
-
көре көсем болады. Адамзат
тарихының алыбындай дара шыққан орыс халқының Пушкині де өзінің
алдыңда болған бөгде елдің
озат ойшылдарын сарқа білген, сондықтан
да оның өз замандастарынан әлдеқайда алда отырғаны әлемге аян.
Данышпанды көре алмай аяғынан алатындар енді таусылып келе
жатыр ғой, бірақ А. С. Пушкин тұсында олар аз болмапты. Солардың
ішінде табаны күректей күштілері де жүрген, мысалы, Ф. Б. Булгарин
мен Н. И. Греч «Терістік Араның» («Северная Пчеланың»)
редакторлары, жандармерия басшысы А. X.
Бенкендорфтың оң көзі,
тіміскер тыңшылары екен. М. Т. Каченовский ординарный профессор,
статский советник және кавалер, оның үстіне «Европа жаршысы»
(«Вестник Европы») атты журналдың үздіксіз ғалым редакторы, ал Н. А.
Полевойды алсақ, ол да осал емес, «Москва телеграфы» («Московский
телеграф») деген журналдың редакторы, «Орыс халқының тарихы» атты
күйкі
кітап жазып, сол үшін Россия ғылым академиясының қолдан
жасалған корреспондент мүшесі
34
1
Д
,
Аламбер, Жан Лерон (1717
-
1783)француздың математигі, философы. Париж бен
Петербург академиясының мүшесі.
2
Бю ф ф о н (1707–1788) француздың аты шулы табиғат зерттеушісі, жазушысы.
болған екен. А. С. Пушкиннің соңынан шам алып түскен
жаулары
осылар, арасында жалы қыңыры жоқ. Бұлардың шашбауын көтеретін
жарамсақтары да толып жатса керек. Көл шағаласыз, шалшық
көлбақасыз болуы ерсі шығар.
Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап,—
деген
Абай сөзі осындайларға
арналған
-
ау, сірә! «Мыңмен жалғыз
алысқан» Абай өзінің алдында өткен ұлы ұстазы А.
С. Пушкинмен
тағдырлас тәрізді.
Енді біз көп толғақты доғарып, А. С.
Пушкиндей ұлы бейненің
басынан кешкен кейбір кескінсіз шырғалаңдарды баяндалық, үлгілі,
ұстазымыздың кезінде жазықсыз тартқан тауқыметтерін советтік қазақ
халқының
жастарына мәлім етелік,
әркім өз керегін, таңдап ала жатар.
Александр Сергеевич Пушкиннің кітабы 1887 жылы Москвада
басылыпты. Соны оқып отырсақ ұлы ақынымыздың өз заманында түрлі
кералаң жағдайға киліккенін көреміз. А. С. Пушкин журналистердің
айтысына да араласыпты, сыншыларға да
г
тарихшыларға да, жазушы –
ақындарға да мезгілінде түзу
жол сілтеп отырыпты, өз ойын ол үнемі
қаймықпай ортаға салыпты.
Мысалы, жазушылардың сөз саптауы (слогы) жөнін де өзінің
қалыптасқан пікірін ашық білдірген ол. «Бір күні Д.Аламбер
1
тұрып:
«Сен маған ана бір Бюффоныңды
2
мақтамай
-
ақ қойшы. Ол кісінің:
«мынау жылқы ғой» дей салудың орнына: «адамзаттың алдына
табиғаттың сыйлыққа тартқан асыл дүниесінің
ішіндегі ең
тәкаппар,алдағаш қызба жануары осы» –
деп қобырата көңірсімесе
көңілі көншімейді
-
ау
!
–
депті.
35
1
Жан Франсуаде Лагарп (1739
-
1803) француздың драматургы, әдебиеттану ғылымының
теоретигі
Достарыңызбен бөлісу: