"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет7/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 


 
1
А. С. П у ш к и н н і ң «Полтава» атты әйгілі поэмасын келемеждеп отыр.
ғы
1
шайқаста жолы болмаған соң А. С. Пушкин үлкен ерлік жасады
қолынан келмейтін әдебиет майданынан ығысып мүлде шет шықты да, 
енді келеке
-
сықақтар жазып, қаша ұрыс салып бара жатыр, шежіре 
жазуға кірісті. Өкініші сол, атақтан жұрдай болған батыр (Пушкинді 
айтып отыр. –
С. Т.), мына жаңа мамандыққа әлі төселмепті. Өйткені 
суреттеп
отырған уақиғаға кызулық жасамай, тарихшыларша шет 
отырып тексеруге мұршасы жетпейді екен, сондықтан оның көзіне 
үнемі маскүнем семинаристердің елестеуі де ғажап емес
-
ау!» деп түйреп 
өткен.
А. С. Пушкиннің әлгі мақаласында (1830 жылы) «Екі журналистің 
арасында жүрген ұрыс
-
керіс, оның ішінен біреуінің цензор үстінен 
берген домалақ арызы жұртты көп шулықтырды». 
«Өткен жылдың аяғында «Европа жаршысының» редакторы оқушы 
қауымға мынадай хабар айтты:
«Рас, журналымның кейде сыңаржақ, үстірт кететінін ескерткен 
сыншылардың пікірлерін мойындаймын. Оның үстіне әдебиетіміздің
дәрменсіздігіне қатты қынжыламын, бұдан былай бар күшімді жұмсауға 
уәде беремін. Келешекте журналды кеңіте түсіп, жан
-
жақты етуге 
кіріспекпін. Бүгіннен бастап алысырақ көз тастауға, кеңірек толғануға, 
батыл қимылдауға үміттенемін. «Өзімнің де жұмыс істеуге кіріспек 
ойым бар», осыған қоса менің еңбектеріме қатысуға басқа 
әдебиетшілерге де рұқсат етемін», –
деп жазды. Кеш айтылса да ғалым 
редактордың бұл ізгі ойы бізге қатты ұнады»...
«Шынына келсек, Каченовский мырзаның бұл жоспары орындалмай 
қалады
-
ау деген күдік бізде болған жоқ. Бірақ Полевой мырза өзінің көп 
әріптес болған, әдеби мінез
-
кұлқына канық журналист жолдасына, оның 
беріп отырған уәдесіне аса сене алмапты. Алайда, үндемей іші
-
 
38 


нен күдіктеніп қана қойса бір жөн ғой, олай етпепті, «Москва 
телеграфының» өткен жылғы 20
-
кітабына мақала жариялапты. Сол 
мақаласында:
«Европа жаршысының» шар тартқан редакторына қатты 
жармасыпты: «Егер ол («Европа жаршысы») жасы жеткендігін ұғып, 
өзінің білімсіздігін мойнына алса, кішіпейілділік көрсетіп, іске адал 
кіріссе, оқып үйренуге тырысса, үйреншікті сілімтір дағдыларынан ада
-
күде құтылса, қыңырттамай әділ сөйлей білсе, онда өзінің нашарлығын 
сезініп, оқуға ұмтылып, шындықты айқын түсінуге беттейтінін білер 
едік
-
ау, сонсоң оны жабыла сыйлап, айтқанын екі етпей ылғи тыңдап 
отырар едік қой», –
депті Н. Полевой. Әлгі Н. Полевой мақаласын оқып 
шығады да А. С. Пушкин жазады: «Мұндай да
қызық талап болады екен
-
ау! Егер бойына сіңген үйреншікті дағдыдан кұтыла алмаса, «Европа 
жаршысының» егде жасы кімге өнеге болмақ? Сақал
-
шаштың ағаруы 
әдебиеттің кәдесіне жарамаса керек, ал енді Полевой мырзаның талабын 
орынды деп ұқсақ, бірақ сол ойды егде қарттың өз аузынан есіту өзімізді 
ұялтып, жер
-
жебірімізге жетпес пе еді?» –
дейді.
«Айтыңдаршы, «Европа жаршысының» редакторы осы уақытқа дейін 
не істеп бітірді?» –
деп тағы сөзін жалғастырады Полевой мырза. «Оның 
шындығы қайда, өзінің туын тігетін еңбектерінің жемісі егіліп, шешек 
атып құлпырып тұрған жері қайда
екен? Сол арнаулы әдемі мекен
-
жай 
қай мұхиттың сыртында, қай тұста екен? «Европа жаршысының» 
редакторынан жасөспірімдер әлдеқайда озып кетті, өйткені олар ілгері 
жүріп бара жатыр, ал біздің ғалым редактор баяғы отырған орнында 
жиырма жылдан астам уақыт тапжылмастан мелшиіп отыр, ендеше 
озғаны үшін жастар айьпты бола ма?» –
деген Полевойдың сұрағына А. 
С. Пушкин былай деп жауап қайырады:
«Каченовский мырза 26 жылдың ішінде көңіл аударарлық бір кітап 
жазып бермей
-
ақ, тіпті жөні түзу бір мақала жарияламай
-
ақ, өмірі 
өлмейтін атаққа ие болды ғой,
39
 


ал енді бұдан былай жұмысқа шыңдап кірісе жөнелсе, сонда сіз қандай 
күйге ұшырар едіңіз?»
«Рас, Каченовский мырза 26 жыл бір орында козғалмай отырды дейсіз, 
сөзіңізге құлдық, бұны мойындалық, ал бірақ ешбір әрекет жасап ілгері 
ұмтылмаған адамнан жастар озып кетті деу көңілге қона ма?» деп қарсы 
сұрақ қояды А. С. Пушкин.
«Егде редактордың құр алақан отырып ғылым иесі атағына ие 
болғанын, әрине, Полевой мырза дәлелдеп. шықты, рас, ол осы күнге 
дейін аудармадан аударғаны болмаса, ауыс
-
түйіс жасап біреулерден 
қарыз алып пайдаланған уақ
-
түйек мақаласымақтары болмаса, түк 
бітірмегені жұртқа мәлім. Мұндай дәрменсіздікті аяп мүсіркеуге болар, 
бірақ кіналау орынды ма?..»
«Алғашқы кезде біз де: «Әдейі кеміткісі келген болар, заты, 
Полевойдың айтқандары теріс шығар деп топшылаған едік. Каченовский 
мырза бұған қарсы деректі дәлелдеп
айтар, немесе мүлде үндемей қалар 
деген пікірде жүрдік. Ол ойымыз да ақталмады. «Европа жаршысының» 
24 номерінде Надаумка атты өзін жақтайтын қызметкеріне мақала 
жаздырды да, соған өз қолынан ескерту берген екен, соны көріп өте 
таңырқадық. Енді сол ескертудегі сөзін келтірелікші: «Бенигнамен» 
(Полевоймен –
С. Т.) тәжікелесуге көңілім шаппайды, құнарсыз талас
-
тартыстан үзілді
-
кесілді бас тарттым. Бенигнаның тағы басқалардың 
қылжақ
-
келемеждерінен өзімді қорғап қалғаннан кейін, олармен тағы 
додаға түсуге тіпті правом да жоқ. Егер қызмет орныма тілі тимесе, 
бұқпантай жасап мені жазықсыз балағаттамаса, мен тіпті «Телеграф» 
мақаласын оқымас та едім
-
ау! Бақытыма қарап әлі сол игілі орнымда 
қызмет істеп жатырмын ғой» –
депті. 
«Осы ескертудегі жұмбақ сөздерді көргенде біздің де зәре
-
құтымыз 
қалмады. «Европа жаршысының» шашбауын көтеретін толып жатқан 
адамдар да қалтырап дірдек қақты, мына каһарлы жазылған түнектей 
тұңжыр сөздер, жүрдім
-
бардым тіркескен тәртіпсіз жолдар көп елдің
40
 


жүрегін ұшырды... Михаил Трофимовичтай баһадүрдің қандай сойқан 
жасауға бет алғанын ұғынбай дал болды. Алайда кешікпей
-
ақ әңгіменің 
сыры ашылды. Ординарный профессор, статский советник және кавалер, 
«Европа жаршысының» редакторы ту
-
талақай ашу шақырыпты да
Полевойдың мақаласын бастырғаны үшін цензордың үстінен цензура 
комитетіне шағым арыз беріпті».
«Жоғарыда көрсетілген тегеурінді ескертудің қауыпты мағынасын 
анық ұғынып, біраз уанғандай да болып едік, артынша
-
ақ егде 
редактордың мына бір берекесіз әрекеті
қатты қынжылтты. Мұның арты 
не боларын жұрттың бәрі
-
ақ түсінгендей еді
-
ау!.. Өйткені, Полевойдың 
мақаласында Каченовскийдің ары төгілетіндей ешнәрсе
жоқ екен. 
«Москва телеграфының
» 
редакторы әдеби еңбектерін сынап, уытты
сөйлесе де Каченовскийдің қызметі туралы да немесе оның үй
-
ішіндегі 
кейбір құпия сырларын да әшкерелемепті, жанына тиетіндей түк 
айтпапты»...
«Рас, «Москва телеграфының» редакторы бұдан кейінгі екінші 
мақаланы өте қатуланып жазды, алғашкы айтқанын пысықтап, енді иін 
қандыра дәлелдеді».
«Каченовскийдің әдеби тіршілігін таразыға тартты, қай жылы не 
істегенін көрсетіп, барлық еңбегіне баға берді, аузынан шыққан 
қарапайым сөздерін де бәшектеп елдің алдына жасырмай жайып салды».
«Сайып келгенде, цензураның бас басқармасы төбе билігін шығарды 
да,
бәрін түгел татуластырды, жеңгендер де, жеңілгендер де ырзаласып 
қой босынмен бітті» –
дейді А. С. Пушкин.
Өзекті ойы бар, соған сай өткір тілі бар, қайтпас қара болаттай қайсар 
принцип иесін білгің келсе А. С. Пушкинді оқыған жөн шығар.
Александр Сергеевичтің адалдығын айтып жеткізу қиын, оның үстіне 
ол негізгі принципінен таймайтын жан. Өзіне ұнамаса бетіне тура айтуды 
А. С. Пушкиннен үйрену керек. Көп адамда кездеспейтін мінез онда бар, 
ең қызық

41 


тыратын қылығы, ұлы адам екендігі, міне осында жатыр.
Кеше ғана тарихшы Н. Полевойды жақтаған Александр Сергеевич 
ертеңіне сол Н. Полевой аяғын мүлт басқанда қатты ашуланады.
Әңгіме былай болады: Николай Полевой «Орыс халқының тарихы» 
(«История русского народа») атты кітап шығарып, сонда өзінен бұрын 
жазылған «Россия мемлекетінің тарихы» («История государства 
Российского») деген Николай Михайлович Карамзин (1766–
1826) 
кітабын, орыс халқының қалаулы тұңғыш тарихын сыбап салады.
Полевойдың осы кітабына алғаш сын жазған П. А. Вяземский болады, 
сонда: «Еңбегін асығыс жазған тарихшы Карамзин «Қай мезгілде 
ойланып үлгерді екен»? деген Н. Полевойдың кекесін сұрағына ол: «Өмір 
бойы үнемі ойланды» деп жауап береді, өйткені Карамзиннің бар өмірі 
осы еңбекке дайындалуда, немесе жазу үстінде өтті. Ал, тарихшы Н. 
Полевой: «Мен орыс тарихын 1825 жылдан бастап үзбей жазуға кірістім» 

деп өзі ескертіп өтеді. Ендеше Полевой «тарихының» 1 томы 1829 
жылы шықты да, қалған II томы баспаға дайын тұрды, олай болса бұл 
төрт жылда біткен еңбек емес пе; ал қанша асықса да Карамзин дәл 
осындай еңбегіне
20 жылды сарп еткен болатын», –
деп жауап қайырды 
Вяземский.
«Орыс тарихын» Карамзиннен кейін жазуға мен қаймықпай бел 
байладым; турасын айтайыншы, орыс тарихын мен дәл суреттеп бердім, 
өйткені өзім орыс болғандықтан неше түрлі шытырман уақиғаның бәрін 
де түп
-
түгел сезіп, жете біліп отырдым, әлемге бірдей азамат есебінде 
ешкімге бүйректі бұрмай қасқия тарттым...» деп лепіреді Полевой.
«Ықтиярыңыз білсін, осындайда адам өзін
-
өзі азырақ мақтап қойса да 
уақа емес; реті келгенде өз пайдасы үшін қолды бір шошаңдатпай қалуға 
бола ма? Алайда,
әрбір
әрекеттің мөлшері де бар ғой» –
дейді А. С. 
Пушкин.
42
 


«Орыс халқының тарихын» жаза
бастағанда
-
ақ Полевой мырзаның 
«Россия мемлекетінің тарихына» шабуыл жасауы сәл орашолақтау әрекет 
болды. Алдында өткен ағасы Карамзинге әділдігін білдіріп, оның еңбегін 
толығырақ көрсете, далақтап өзін өзі мадақтай бермей кішіпейілділік 
істесе, жұртшылық та шу көтеріп қарсы шықпас еді
-
ау, қайта оның осы 
еңбегін мақтап ел жабыла құттықтар ма еді, қайтер еді?..»
«Мезгілінде атақ
-
даңққа бөленген, ілгергі буында өткен адамдарды 
сыйлау бұзақылық болмайды, қайта парасатты ақылдың бірінші белгісіне 
жатады, заты оларға кір келтіру желбуаз надандардың ісі
-
ау, сірә» –
деп 
ойын білтелейді А. С. Пушкин.
«Полевой кейде Карамзиннің анық айтқанын күлтелеп олақ 
қайталайды, кейде орыс тарихына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын 
бірдемелерді көйітеді, әңгіменің арасында «Сөйтіп, енді біз көріп 
отырмыз... Бұдан шығатын қортынды мынау... Біз аз сөзбен ұлы 
уақиғаның негізгі белестерін белгіледік...» деген тәрізді қысыр сөздерді 
қыстырып, оқушы жұрттың діңкесін құртады. Расын айтсақ, ол 
сөздерінен «біз ешнәрсені де көріп отырмаймыз, бұдан шығатын 
қортынды болса бұйырмасын, оның үстіне
Полевой мырза көп сөзбен 
ұлы уақиғаның негізсіз белестерін белгілепті», –
деп түйеді А С. Пушкин.
«Полевой мырзаның ойы да өткір, өзі де тапқыр, жылдам ұғынғыш жан 
екенін жасыруға болмас, бірақ ол әдемілеп жаза білуден мүлде аулақ 
отырады, оның шығармасындағы суреттер, ойлар, сөздер –
бәрі де 
ұсқынсыз, кетеуі жеткен, шатасып шыққан, көмескі бірдемелер»,—
деп 
бітіреді А. С. Пушкин.
Өзі тарихшы, нағыз ғалым Карамзиннің қадірлі еңбегін А. С. Пушкин 
аса жоғары бағалаған ғой, сондықтан оны жоққа шығарғысы келген қуыс 
кеуде (дилетант)
43
 


мақтаншақ Полевойдың желөкпе кітабына қатты ренжігені байқалады.
Бұдан кейін 1836 жылы: «Устрялов мырза күдіктенбестен Карамзин 
мен Полевойдың аттарын бір тақтаға қатар отырғызыпты
-
ау!» –
деген 
Вяземскийдің сөзін оқыпты, сонда: «Полевой жөнінде кеңірек ескерту де 
көп болмас еді, өйткені ол «Ойсыз, түк зерттеусіз, тіпті ешбір ұждансыз 
жазылған іске алғысыз оңбаған осы кітабы үшін Россия Академиясына 
қолдан жасалып корреспондент мүше болды ғой, соны ұмытпау мақұл», 

деп қосып қойыпты.
Александр Сергеевичтің толып жатқан қыры, сансыз сыры бар. Өз 
заманында көп тоғышармен жалғыз алысқан жан. Айтар сөз көп, орын 
тар. Әрине Пушкиндей алып ұстаздардың өрелі ойларын қазақ совет 
жұртшылығына түгел таныстырып шығу оңай да емес. Алайда әліміз 
келгенше аянбаспыз, тағы талай оралармыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет