ған Гоголь сынды ірі классиктің ояну
-
өсу дәуірінде қазақ
әдебиетіне
қолқабысын тигізуі айдан анық.
Өсу
-
өрлеу жолында
бір елдің өз адамдары да біріне бірі әсер етеді.
Орыс әдебиетінде Гоголь өзінен кейінгі жазушылардың көбіне әсерін
тигізді,
әсіресе Салтыков
-
Щедрин, Чеховтар көп әсер алды. Бұл
Гогольмен стильдес жазушылар, ал Гогольден стилі аулақ жатқан Ф. М
.
Достоевский, И. С. Тургеневтерге де оның ықпалы зор. Сондай
-
ақ А. С.
Пушкиннің сатирасы да Гогольді рухтандырмай қойған жоқ.
Бір жазушының екінші жазушыға тигізген әсерін дәлелдеу үшін кейде
тақырып ұқсастығы, кейде ой
-
пікір ұқсастығы, кейде стиль
-
әдіс
ұқсастығы зерттеліп жүр, Біздің ойымызша тақырыбы да, жанры да
ұқсас
-
сабақтас бола тұрып, әр елдің ұлы жазушылары оқиғаны, образды
өзінше
ерекше беруі арқылы, бұлар біріне бірі ұқсамай да шығады.
Мысалы: Байронның
«Мазепасы» Пушкиннің
«Полтавасымен»
тақырыптас. Байронның да, Пушкнннің де алған тақырыбы тарихи образ
–
Мазепаның образы, жанры –
поэзия. Осылай екі жақты ұқсас бола
тұрып та, бұл шығармалар бірінен бірі мүлде алшақ жатыр. Байронды
Мазепаның жас шағы, бозбала кезі, ыстық махаббаты қызықтырады, бұл
жағын ол қапысыз әдемі береді.
Ал, Пушкинді Мазепаның албырттығы, махаббаты қызықтырмайды.
Пушкин сол Мазепа образы арқылы Бірінші Петр заманындағы Россия
тарихын көз алдыңа алып келеді.
Полтавада Мария мен Мазепа
арасындағы махаббат көш
-
жөнекей айтылады да, оның орнына
Мазепаның жауыздығы, отанын сатқандығы суреттеледі. Пушкинде
адамгершілік пен жауыздық безбенге түседі. Онда әлеуметтік мазмұн
басым жатады. Олай болса тақырып ұқсастығы да, жанр ұқсастығы да
әсерленудің шет жағын көрсете алады, алайда тура тиянақты
айғағы бола
алмас керек.
45
Неміс ақыны В. Гетенің «Страдания молодого Вертера» атты хатпен
жазған романы Достоевскийдің хатпен жазған «Бедные люди»
атты
романына әдіс (прием) жағынан ұқсас бола тұрып, біріне бірі мүлде
жақындамайды. Гогольдің «Шинелі» мен Достоевскийдің «Бишаралары»
да біріне бірі ұқсас және проза жанрында жазылған. Екеуінің де басты
кейіпкері бір замандағы департамент көшірмешілері –
сорлы
чиновниктер, кемтар өмірдің тақсіретін тартқан сорлы жандар. Гогольдің
«Шинеліндегі» Акакий Акакиевич Башмашкин мен Достоевскийдің
«Бишараларындағы» Макар Алексеевич Девушкин екеуі бірінен бірі
аумайды. Екеуі де патшалық Россиядағы
қауымның ең төменгі
баспалдағында тұрған сорлы чиновниктер («Шинель» 1842 жылы
басылса, ал «Бишаралар» 1846 жылы басылды).
«Бишаралардағы» Макар Алексеевич «Шинельді» оқып шыққанда
қатты ашуланады. Сонда: «Шинельді» жазған жазушы да осыны білуге
міндетті еді... Кей кезде мұқтаж болған соң шай ішпейді екен деп бөтен
біреу туралы жазудың керегі
не? Тап бір елдің бәрі жапа
-
тармағай шай
іше беретіндей!..»
«...Кейде, әрине, жаңа бірдеме тіктіріп кигенде, қуанатының шын,
ұйықтамайсың,
қатты қуанасың, мысалы, жаңа етік
болса, сондай мәз
болып киесің –
бұл рас, мұны сезгенім бар, бұл дұрыс суреттелген
.
Бірақ... тіпті осындайды жазудың керегі не?.. Немесе осылай жазғаны
үшін оқушылардың біреуі оған шинель тігіп бере ме?..
«...Тым болмағанда аяқ кезінде түзесе тәуір болар еді ғой?.. Солай бола
тұрса да, міне бұл әділ, ізгі... жақсы азамат еді, үлкеннің сөзін байымдап
тыңдайтын еді... Ешкімге жамандық ойламайтын,
құдайға сенетін еді,
сөйтіп жылаумен өліп кетті дегенді
кіргізсе тәуір болар еді. Тіпті оңдысы,
ол бишараны өлтіріп: тастамай, былай десе: «Шинель табылса, сонсоң
ана генерал мұның ізгі
мінездерін
толық білгеннен кейін кеңсесіне
шақырып алып,
46
Достарыңызбен бөлісу: