"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет63/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

ЖАУЫР ТОРҒАСҚА
 
«...Ертеден шапса кешке
озған,
Ылдидан шапса төске
озған,
Томаға көзді қасқа
азбан»...
Сырттанбай мен Азынаның ұйғарымы бойынша Жортық бастатқан 
Алтай Қарпықтың он шақты кісісі Омбының Ақмола жақ
етегін 
жайлайтын ішкі Бәсентиін Қазанғап ауылына барды. Келіп түскен қо
-
271 


нақтардың түсіне қарап, алыс жердің суыт жүрген жолаушысы 
екенін байқады Қазанғап. Қонақасын жеп болғаннан кейін мән
-
жайды түсіндірді Жортық. Иісі Қуандық болып бірігіп 
кеткеніне көзі әбден жеткен Қазанғап екі сөзге келмеді. Көптің
қорқытатынын, тереңнің батыратынын анық біледі ол. 
Торғасқаны іздете бастады. Торғасқа жерде де, көкте де жоқ. 
Төрт күн іздеп, бесінші күні

«түйеші шалдың астындағы 
жауыр торы шолақты байқаңдаршы, сол емес пе екен?»

деді 
Қазанғап, дәл үстінен түсті. Түйешіге жетіп келгенде, 
Жортықтың көзіне Торғасқа оттай басылды. Аттан түсіп, ер
-
тоқымын алып жатып: «Бәсентиіннің бар малын берсеңдер де, 
Торғасқаны бермеңдер, мен әнеукүні екі
маралды бір күнде 
соғып алдым,

деп зарлады түйеші шал. Амалсыз Торғасқаны 
түсіп берді. Арқасы ошақтай жауыр, арық Торғасқаны Жортық 
жетектей жөнелді. Он үш күн өтіп, он төртінші күні Бозкөлге 
жауыр Торғасқаны алып келді. Қорысбайдың балалары 
Торғасқаны көріп, тынықтыру үшін енді үш күнге мұрсатана 
берді. Шілдесінде шық көрмеген жалғыз атты Жортықтың 
Торғасқасы бап іздемейді. Күл төкпе, тесік өкпенің өзі. Жиырма 
шақты күн қыруар мал, асқа жиналған тоғыз дуан елдің мың сан 
адамдары мошап жатқан Бозкөлдің басы тап
-
тақыр, шаңы 
аспанға шығады, көлдің суы қоймалжың май боп кетеді.
Тап ат шабар күні таңертең ел тұрмай Сапақ келіп, Көбен 
сыншыны оятып алды. Бірге далаға ертіп шығып, бәйгеге 
қосатын бес жүз атты түгел аралатты. Біреуіне де тоқтамады 
Көбен сыншы. Осы аттардың ішінде бір қыздың қалың малын 
беріп алған өзінің Ақмоншағы да, Омбы Керейінің арғымағы да, 
Көкшетау Қарауылының Көкбикеші де, Керекудің Көгаласы да, 
Тобықтының Дөңасары да бар еді. Енді бәйгеге қосылатын ат 
жоқ дегендей түс көрсетеді Сапақ, батып ешнәрсе айта 
алмайды. Бұл Көбен сыншы –
қалмақ
Толыбай сыншы

272
 


ның баласы. Сегіз жасында жаугершілікте олжаға түсіп, 
Түркістан қазағының қолында тұрған Көбен сыншы. Содан 
Түркістанның құл сататын қан базарында Телғозының ұлы әкесі 
Жәңгелді би екі түйе беріп сатып әкелген Көбен сыншы. Сол 
қалмақ Көбеннің мына он сегіз мың жылқының иесі Сапақты 
басынып тұруы қалай?! Ең болмаса көңілін аулап, «Ақмоншақ ат 
бәйгеден келеді»

деп неге айтпайды бұл құл қалмақ!? Көбен 
сыншы Сапақ ауылына, Қошан отауына беттеді. Орта жолда, бір 
тақырда арқандаулы тұрған Жортықтың Торғасқасын көрді. 
Көбен сыншы Торғасқаны үш айналды.

Маңдайы жарылып тұр ғой жануардың, бүгінгі бірінші 
бәйге Торғасқанікі! –
деп кесіп айтты Көбен. Жақтырмады Сапақ. 
Жүріп бара жатып артына тағы қарады сыншы. Қошанның 
отауына таянып келгенде, өз ордасына қарай озыңқырап кетті 
Сапақ. Сонда отаудың сыртында үстін жабулап арқандап қойған 
Кербестіге көзі түсті, тұра қалды Көбен.

Ол ат бәйгеге қосылмайтын Елгелді Таубайды ң астына мініп 
келген шолағы,

деп зілдене айтты Сапақ.

Қоссын, қоспасын, екінші бәйге бүгін шапса осы 
жануардікі, –
деп кесіп тастады Көбен.
Таң намазына тұрып жүрген Таубай осы сөзді естіп қалады. 
Көбеннің сөзі қамшы болып, он жасар Шоңды Кербестінің үстіне 
мінгізіп, «азар болса жануардың бір тері ғой», –
деп Қорысбай 
асына, ұлы дүбірге қосып қоя береді.Таңертең қымыз ішіп, ет 
жеп болғаннан кейін ат шабар жарияланады. Қарақшыны бір 
жігітке ұстатып, Сапақ қара жорға атпен Жомарт төбеге қарай
тайпалта жөнеледі. Енді бес жүз ат
Бестауды, Барақбайды басып 
Қудың алдындағы ақшиден айдалу керек сияқты. Мұғдары алпыс 
шақырым жер. Жомарт төбе Бозкөлдің шығыс жағында қой өрісі 
жерде тұрады. Жомарт төбеге шыққанда кісінің арты Бозкөлде 
еді. Сапақ қара жорға атпен қарақшы ұстаған жігітті ертіп
Жомарт төбеге
шыққанда кісінің арты Бозкөлде еді.
273
 


Бозкөл мен Жомарт төбенің арасы қап
-
қара құрымдай, тоғыз 
дуан елдің кісісі тоғыз бөлек топ болып Жомарт төбеге жинала 
бастайды. Әрбір топтан бәйгеге қосылатын аттар бөлініп 
шығады. Бәйге аттар Жомарт төбенің күншығыс жағына 
жиналады. Жал
-
құйрықтары сүзілген, құйрығының дәл түбі мен 
кекіліне үкі қадаған, жүзіктің көзінен өткендей әдемі бәйг е 
аттар бес жүз екен. Үстіне тоғыз, он жасар балалар мінген бәйге 
аттар аяғын ұшынан басып билеп жүр. Осы
бес жүз атты Қудың 
түбіндегі Ақшиден айдайтын болып отыз екі жарамды атпен 
отыз екі кісі жөнелді. Бұлардың қолдарына ұстаған ұзын
-
ұзын 
айбалта, найзасы бар. Бес жүз атты айдап жөнелейін деп 
тұрғанда,
Құлымбет Лау мырза айғай салып, көптің атынан 
мынадай бұйрық берді;

Аттар Қудың алдындағы Ақшиден айдалсын, отыз екі жігіт 
шашау шығармай айдап апарып сол Ақшиден жіберсін. Аттың 
бәйгесі мына айдаушы жігіттер келгеннен кейін берілсін. Аттар 
тартылмасын,

деді. Көпшілік бір ауыздан:

Осы дұрыс, солай болсын,

десіп дүрлігісіп қалды.
* * * 
Сөйтіп, Жортықтың Торғасқасы мен Ақмоншақ ат келіп қалың 
топқа кіргенде, соның артын ала Кербестімен кеспелтек ақсары 
бала Шоң да жеткен еді. Лау мырзаның сөзін Шоң анық естиді. 
Аттарды күн шықпай айдап жөнеледі.
Аттар кетісімен балуан күресі басталады. Әрдуанның 
балуандары шығып күресіп, бәйгені тоғыз
-
тоғыздан алып 
жатады. Шаңқай түсте балтырын түріп тастап, түйе жүні қызыл 
шекпеннің бір жеңін киіп, екінші жеңін белбеудің ішіне буып
еңгезердей қара жігіт одыраңдап шыға келеді. Бұл балуан 
күндікке булығып
шыдай алмай отырған, томағасын
274 


жаңа ғана алып жіберген бүркіт тәрізді. Бұл кәдімгі ұлы жүз 
руынан шыққан атақты Сейтен балуан екен. Бұл Әулиеата 
дуанынан шығады. Енді бұған қарсы шығар балуан табылмайды. 
Жетісудың бұл балуаны тоғыз дуан елге мәлім. Бас бәйге осыған 
аталған. Бас бәйге тоғыз теңбіл ат. Сонда «ме н өз келінім 
Жаманмен күресем», –
дейді Сейтен. Жаман Қарқабат батырдың 
жалғыз қызы. Қарқабат –
Сатыбалды Жәметтің баласы, осы 
Телғозының әкесі Зейнетпен туысқан ол. Жаманды ел батыр қыз 
деседі екен. Ақмола балуандарын беттетпейтін Жаман тап мына 
қайнағасына қарсы шығуға именеді. Иісі үш отау б олып мойнын 
салып тұрып алады. Көпшілікке көнбей отырған Жаманның ту 
сыртынан келіп Көбен сыншы:

Тұр, балам, бетіңнен жарылғасын, жүрегіңді тоқтат, 
талайың жоғары тұр, жығып қайт, балам, көптің меселін 
қайтарма! –
дейді.

Қайын жұртыңмен сөйлесіп келдік, аталарың батасын
беріп 
отыр, шықсын дейді, тайсалма, үш отаудың аруағына 
тапсырдым, жолың болсын, жаным, –
деп батасын берген Лау 
мырза. Көптің оқпаны делебесін қоздырып көтеріп әкетеді. 
Жаман орнынан ұшып тұрады. Әсіресе
дем берген Көбен 
сыншының сөзі. Үстіндегі киімін шешіп, балуандарша белсеніп 
жатпастан тұрып жөнеледі. Қайнағасының қасына барғанда
азырақ қырындап айнала береді, беті шыдамайды. Ожар қайнаға, 
балуан қайнаға келінінің сырын түсінбейді, тура ұмтылады. 
Ұстатпайды. Қайнағасын Жаман үш айналады. Ер
 
кезегі үшке 
дейін, түсінер, күреспес деп ойлайды. Айнала топ бірін
-
бірі 
басып кете жаздайды. Өлі аруақтардың аттары да ат алып 
жатады. Жан
-
жақ ың
-
жың болып, даурығып кетеді. Тап осы 
кезде ұлы дүбірді талай көрген, ежелден топқа түсіп жүлде алып 
жүрген түйе балуан Сейтеннің делебесі қозады. Аруақтардың 
аты естілгенде, Жаманды оң иықтан шап бері п ұстай алады. Көз 
ілеспейді, жалғыз
-
ақ Жаманның оң қолын
275 


артына қарай серіпкенін жұрттың көзі шалады. Шарт ете қалады, 
Сейтен шалқасынан түседі.
Жаман Сатыбалды тобына қарай жүре бергенде,
шаршы топтың 
күншығыс жағынан қара жорға атқа мінген бір қара жігіт келіп, 
Жаманды қамшымен тартып
-
тартып жібереді. Бұл Жаманның 
күйеуі, Сейтеннің інісі Көтен екен. Өлі аруақ орнынан аунап 
түскендей болады. Екі жақ қоян
-
қолтық алыса түседі... Сейтеннің 
ортан жілігі үзіліп кетеді. Неше алуан мәтелдер айтылып, жазым 
болса 
көжеге 
де 
тіс 
сынатыны 
ескеріледі. 
Оташылар 
шақырылады, жұрт дүрлігісіп оңалады, бітуанаға келеді...
Бәйге аттардың дүбірі естіледі, елдің беті солай төңкеріледі. 
Көз ұшында жалғыз келе жатқан баран көрінеді. Әркімнің өз аты 
көз алдына елестейді. Аруаққа сыйынған көптің дауы сы 
Сарыарқаны дүрліктіріп басына көтереді. Осы бір сын сағатта 
әлгі баранға мінген баланың басындағы орамалын алу үшін 
төтесінен даяшы жігіт тұра ұмтылады. «Бегайдарлаған» баланың 
даусы мүкіс естіледі, ол Торғасқаның
басын тежеп тартады, 
денесі қызған жеке тұлпарға даяшы әзер жетіп, орамалды алып 
қалады. Енді бір мезетте бүктетіліп атып, құйысқанын сарт
-
сұрт 
ұрып, Елгелді Таубайдың Кербестісі жетеді. Үстіндегі бала Шоң 
«Дәулетбикелеп» келеді. Ұлы ананың аруағын аспанға шығарады. 
Басқа дуандар күңкілдей бастайды. «Бұл аттар орта жолдан 
қосылған, ұрлап қосқан аттар!» –
деседі. Үшінші болып 
Көкшетау дуанының Көкбикеші келеді. Төртінші болып 
Омбының арғымағы келеді. Бесінші болып Найман Құнанқараның 
баласының қарагер аты келеді. Осы аста он шақты ат далада 
ұшып өледі. Аттың артын үш күнде әрең тауып алысады. Бір 
қыздың қалың малын беріп алған Сапақтың Ақмоншағы ақсап 
қалады. Екінші күні Бестаудан алып қайтады. Бәйге үлестіруді де 
Сырттанбай мен Лау мырза, Сапақ үшеуі билеп
-
төстейді. Бірінші 
бәйгені Жортықтың Төрғасқасына арнап Қареке
Таңшолақ би,
276
 


Сармантай Азынабай мен Аралбай Тұрабектің алдына әкеп 
тартады. Сорлы Жортықтың атынан қанатты Торғасқаның аты 
көп аталады. Торғасқаның бәйгесін иісі Алтай болып бөлісіп 
алып жатады. Тоқсан торы ала ат, тоқсан ақбоз ат, тоқсан қара 
ала аттан Жортыққа бір тай да тимейді. «Қаз жегеніне емес
орғанына мәз» деген өсиетті
айтып, Таңшолақ би Жортықты 
ырза қылады. Ырза болмаған күнде де Жортықтың өресі жете 
алмас еді, үндемейді. Тап осы жолғы бәйгеден бір тайды 
алмаймын деген ойында да жоқ екен, тұтанып қап
-
қара боп 
кетеді. Екінші бәйгені Лау мырза атай бастағанда:

Екінші бәйге ошақ басында, үш отауда қалсын, арғы жағын 
үлестіре беріңіз, мына жат елдерді аттандыралық,

дейді 
Сырттанбай. Сапақ та: «Солай істей беріңіз», –
деп қостайды. 
Лау мырза үндемейді. Басқа бәйгелерді үлестіре бере ді. Бәйгесін 
алған ел қауқылдасып, дүрілдеп тарай бастайды. Елгелді 
жігіттері ендіркелеп көтерілейін деп еді, Таубай қозғалмады, 
артын бақты. Өйткені астың бас кезінде жасаған тентектігіне 
көнген үш отау енді құйрықты сыртқа салып көнбей қойса, көпке 
топырақ шаша алмайды. Кешегі күн бүгін жоқ, ас бітті, халық 
тарап жатыр. Осы жағдайды толық түсінген Таубай ішінен 
тынды. Халық әбден тарап біткенше тұрған жерінен тебіренбеді 
Таубай. Бұл отыз үй Елгелдіні керек қылған тірі жан жоқ. 
Бәйгені үлестіріп болып, қайтуға бет бұрғанда, Лау мырза 
Таубайды көрді. Атының басын бұрып таянып
келді де:

Неге тұрсың, Таубайым. Үш отаудың баласысыңдар, бас 
сынса бөрік ішінде емес пе? Жүр, қайталық,

деді Лау.

Дұрыс айтасыз, мырза, әшейін аттың аталмағаны болмаса, 
ел деп елемегені болмаса, қайтер дейсіз?!

деп сүйей салды 
Таубай ақсақал.
«Міне, қалқам, ішім бір босады ғой».

Мұқа
-
ау, сіздің әңгімеңіз Қорысбай асын, сонда
277
 


бәйгеден келген аттарды қызықтау емес неше түрлі зорлық
-
зомбылықтардың басын қылтиттыңыз ғой. Торғасқа тұлпар мен 
Кербесті бәйгеден келгенде, олардың иелері Жортық пен 
Таубайдың нейбет қалуы сұмдық екен! –
деп күдіктендім.
Осы бір сәтте менің бетіме үңіле қарады да аз кідіріп қалды.

Шырағым, күдіктенуің орынды, Қорысбай, Сапақ заманы 
көз жеткісіз бұлдыр дүние ғой, –
деп бастады Мұхаммедия. –
Алысты доғарып, мен тап кешегі өмірді баяндайын, –
деді ол.

Тап кеше 1928 жылға дейін болғанды айтайын, шет жағасын сен 
де білесің ғой. Біздің ауылда бай Тілепберген болды. Бір өзінің 
үш әйелі бар. Азғана
тай бітті деп айналасын қуаштады. Кедей 
туысы Аймағамбеттің елеп үйіне
барғанын сілет етуші еді. 
Сорлы Аймағамбет қарызданып
-
қауғаланып қой сояды, соның 
басын мүжіп отырып ілік шығарады. Тілепберген теке көз, ботқа 
бет, былшық сары тоқалы танауын шиіреді,
төңірегіндегі елді 
тап бір соның шаңырақ түйесіне мініп келген құлақ кесті 
құлындай көретінін қайтерсің! Қабағын шыта қарағанда, жер
-
жебіріне жетеді. Біз осыны да көрдік.
Кеңес өкіметінің жолы –
әділ жол, теңдік жолы. Олар түсіне 
алмай, тоғышарлық жасады.
Шырағым, солардың көбі көрге 
түсті, тек сол кесепаттар өздерінде болмаса екен. Осында ме н 
келгелі айдан асты, сенің қонақта болмаған күнің жоқ. Қатты 
айтты деп маған ренжіме, ертең
-
ақ кетем, жерің кеңиді,–
дегенде 
Мұхаммедияның бетіне тікенек бітті. Өзіме
өзім тілеп алған соң, 
шыдамау қиын екен. Өзекті аға өз міндетін атқарып ақыл айтып 
отыр.

Шырағым, «тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам 
баласын». Бүгін тыңдаушысың, ертең
-
ақ айтушы боласың. 
Соңыңнан ерген жастар сенен де өнеге алады. Байқа, қалқам. 
Ақырын жүріп, анық бас, еңбек істеуден жалықпа! Еңбек иелері: 
Абай, Сәкен, 
278 


Мұхтар, Бейімбет, Ілиястар өмір бойы өлмейді, –
деп ойын 
аяқтады да Мұхаммедия әрі қарай жұмған аузын ашпады.
Бұл әңгімені 1936 жылы естіп едім, кеш жеткізгеніме кешірім 
сұраймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет