алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу жағдайында
өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді.
Ынтымақтасқан оқу топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы
ымыраға, келісімге қол жеткізуіне негізделеді.
Ерекше білім беру
қажеттіліктері бар
балалар
Денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша
қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу
бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет
ететін балалар.
Сындарлы оқыту
теориясы
Оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері
немесе сыныпта түрлі дереккөздерден (педагогтен, оқулықтан,
құрбыларынан) алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген
тұжырымға негізделген теория.
Оқытудағы бұл тәсіл оқыту зерделеу, эксперимент, жетекшілік ету
арқылы жүргізілетін зерттеу, тапсырмаларды шешу, ойлану сияқты
белсенді зерттеулер көмегімен түсініктер мен дағдыларды
қалыптастыру арқылы құрылу керек деген идеяға негізделген.
Оқыту мен оқуда сындарлы тәсілді қолдану балалардың ұғым-
түсініктерді терең түсіну қабілетін дамытып, балаларға өздерінің
алған білімдерін оқудан тыс жерде қолдана білуге жағдай жасайды.
Креативтілік
Тұлғаның дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан
айрықша, жаңа бірегей идеяларды қабылдауға және ұсынуға
дайындығымен ерекшеленетін және дарындылық құрамында
қарастырылатын шығармашылық қабілеті, сондай-ақ проблемаларды
басқалардан өзгеше қарастырып, оларды ерекше тәсілдермен шешу
қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: