Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет68/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

Оқу үдемелілігі
Танымдық психологиядағы оқу үдемелілігі адам қабілетіне қатысты 


ұғым болып табылады, себебі бұл саналы жүретін және адамның 
еркінен тыс жүретін оқу мен жаттығулардың ықпалдасуы. Оқу 
үдемелілігінде күрделілік деңгейі біртіндеп артып отырады: 
қарапайым тапсырмалардан басталып, әр қадам сайын тапсырмалар 
күрделене береді. 
Оқыту
Оқытушының оқу мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға 
бағытталған әрекеті. Оқумен бірге оқыту үдерісінің бір компоненті 
болып табылады. 
Рефлексия
(лат. reflexio – өткенге жүгіну) 
субъектінің назарын өзіне, дәлірек айтқанда, қайта ойлап, қорыту 
мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. 
Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1. Сананың және 
ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында 
білімді талдау. 3. Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау. 
Педагогикада 
рефлексия 
сабақтың 
бір 
кезеңі 
ретінде 
қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын 
тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік 
түсінік пайда болады. 
Әлеуметтену 
Адамның бүкіл өмірі бойында үздіксіз жүретін қоғамда өмір сүру 
тәжірибесін меңгерудің жан-жақты үдерісі. Әлеуметтену адамның 
әртүрлі адамдармен өзара тиімді қарым-қатынасқа қажетті 
адамзаттық қатынастар мәдениетін, әлеуметтік нормаларды 
меңгеруін қамтиды. Адам әлеуметтік тұлға ретінде қоғамда 
қалыптасқан нормалар мен мінез-құлық үлгілерін меңгеріп, 
отбасында, туған-туыстарының ортасында, құрбы-құрдастары мен 
ұжымда, өзара әрекеттестік пен қарым-қатынас жасауды үйренеді.
Джигсо 
стратегиясы 
Джигсо әдісін ең алғаш Е.Аронсон мен Д.Бриджмен (1979) ұсынған, 
оқушылардың оқу міндеттерін шешу мақсатында бірлесе жұмыс 
істеуін көздейтін оқыту және оқу әдісі. Оқушылар меңгеруге 
ұсынылған ақпаратты игеріп, оларды пазлдың бөлшектері сияқты 
бірге жинауға тартылады. Әр оқушы өз білімінің терең түсініп, 
басқаларға оны үйретуі керек, сонымен қатар, оқушылар бір-бірін 
тыңдауды және басқалардың пікірімен санасуды үйренеді. 
Талант
Адамның бойында арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; 
өзінің айрықшалығымен, жоғары дәрежеде жетілгендігімен және 
қоғамдық мәнімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін 
қабілеттер жиынтығы. Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір 
түрімен шұғылдану тән, олар таңдап алған ісіне құмар болады. 
Талантты адамның еңбегінің нәтижелері өздерінің түбегейлі 
жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет