Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет67/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

Ықшамсабақ 
Тыңдаушылардың біліктілікті арттыру курсы сабақтарында ерекше 
ұйымдастырылған, шынайы оқу үдерісін көрсететін қызметі 
Модельдеу 
Нысандарды олардың модельдері арқылы зерттеу, шынайы заттар 
мен құбылыстардың (ағзалардың, инженерлік құрылыстардың, 
әлеуметтік жүйелердің және әртүрлі үдерістердің) модельдерін құру. 
Моторика 
Адамға тән қимыл-қозғалыс реакциясының, дағды-біліктер мен 
күрделі қимыл-әрекеттердің жиынтығы. 
Дағды 
Автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген, көп рет қайталау 
жолымен саналы түрде қалыптасқан әрекет. 
 
Білім беру саласы 
Балалардың физикалық, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық
коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін білім, 
практикалық дағды-біліктер жиынтығын қамтитын білім беру 
стандартының бір бөлігі («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», 
«Шығармашылық», «Әлеуметтік» білім беру салалары). 
Білім беру 
бағдарламасы
Оқу мақсаттарынан, нәтижелері мен мазмұнынан, білім беру 
үдерісін ұйымдастырудан, оларды жүзеге асыру әдіс-тәсілдерінен, 
оқыту нәтижелерін бағалау критерийлерінен тұратын білім берудің 
негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені. 
Кері байланыс
Белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен 
келісетінін не келіспейтінін көрсететін белгілі бір әрекет немесе 
оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция. 
 Дарындылық 
Дарындылық – өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік 
сияқты дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді 
(Б.М.Теплов). 
Жалпы
дарындылық: салыстырмалы түрде кең және 
әмбебап психологиялық бөлшектердің (жады, зият) дамуы. 
Арнайы
дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс шартты, 
жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді». Адамдардың 
дарындылығы мен қабілеттері сандық емес, сапалық тұрғыдан 
ерекшеленеді. Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері бір адамның 
бір салада, екіншісінің басқа салада дарынды болуымен ғана емес
дарындылықтың қалыптасу деңгейімен де көрінеді. Қабілеттерден 
сапалық айырмашылықты іздеу – психологияның маңызды міндеті. 
Бағалау
Оқу үдерісі мен нәтижелерін жүйелі түрде және сын тұрғысынан 
талдау, соның негізінде ағымдағы және кейінгі оқу үдерісіне 
қатысты тұжырым жасап, шешім және/немесе ұсыным шығаруға 
бағытталған қызмет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет