Ф-ОБ-001/175-2 КСРО-ның халықаралық жағдайы. Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы (1 қыркүйек,
1939 ж.). Фашизм. Германияның Кеңес Одағына басып кіруі (22 маусым, 1941 ж.). Халық
шаруашылығын соғыс жағдайына бейімдеп қайта құру. Көшірілген кәсіпорындар мен
халықтар: оларды қабылдау және орналастыру. Қазақстандықтар соғыс майданында:
Ленинград қорғанысы, Мәскеу шайқасы, Сталинград шайқасы, Курск доғасы және басқа
да шайқастар. Қазақстандықтардың партизандық жасақтарға, қарсыласу қозғалыстарына,
Берлин операциясына қатысуы. Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары. Қазақстан -
майдан арсеналы. Қазақстандықтардың тылдағы ерлігі. Соғыс тауқыметі: «Түркістан
легионы» және Германиядағы тұтқындар тағдыры. Қазақстандағы шетелдік әскери
тұтқындар. Қазақстанға қоныс аударылған халықтар, еңбек армиялары және олардың
тағдыры. Қазақ халқының басқа этностармен қарым-қатынасы. Күштеп көшірілген
халықтардың Қазақстан экономикасы мен мәдениетіне қосқан үлесі. 1917-1939 жж.
Қазақстан халқы құрамындағы өзгерістер. Соғыс жылдарындағы халық ағарту ісі. Ғылым
мен мәдениет - майданға. Ж.Жабаев, Қ. Мұңайтпасов. Қазақ КСР Халық Комиссарлар
Кеңесі және Қазақстан Компартиясы ОК-нің «Қазақ КСР Ғылым Академиясын құру
бойынша дайындық жұмыстары туралы» шешімінің қабылдануы (18 тамыз, 1944 ж.)
Хрущевтік «жылымық» жылдарындағы Қазақстан (1953-1964 жж.). Хрущевтік
«жылымық» кезеңі, әлеуметтік-экономикалық сипаты. Индустриалды даму. Әскери-
өнеркәсіптік кешеннің нығаюы. Тың және тыңайған жерлерді игеру: жетістіктері мен
тәжірибесі. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Республиканың қоғамдық-
саяси өмірі. Кеңестер, КОКП, комсомол, қоғамдық ұйымдар. «Хрущевтік жылымық»
кезеңіндегі қарама-қайшылық. Жүйені жұмсарту әрекеттері. Волюнтаризм және
субьективизм. 1950-1970 жылдардағы әлеуметтік шиеленістер. Республика қорларындағы
жерлердің тартып алынуы. Республика халқының күнделікті өмірі.
«Тоқырау» жылдарындағы Қазақстан (1964-1985 жж.). Қазақстандағы биліктің
ауысуы. Д.А.Қонаев - Қазақстан Компартиясы ОК-ның Бірінші хатшысы. Мемлекеттік-
партиялық жүйе және партиялық номенклатураның шексіз билігі. Қазақстандағы
ұлтаралық
қатынастар.
Орыстандыру
саясаты
және
КСРО
халықтарының
ассимиляциялануы. КСРО Конституциясы (1977 ж.). Қазақ КСР Конституциясының (1978
ж.) қабылдануы. Целиноград оқиғалары (1979 ж.). Ел экономикасының тоқырауға
ұшырауы. Экономиканы реформалаудың кезекті қадамдары. Қазақстанның өнеркәсіп
және аграрлық секторы. Халықтың тұрмыс деңгейі: жалақыдан жалақыға дейін. Қоғамдық
- саяси өмір және оның ерекшелігі. Экологиялық проблемалардың шиеленісуі: Семей
ядролық сынақ айлағы, Арал теңізінің тартылуы, өмір сүруге қолайсыз аймақтардың
көбеюі. «Кемелденген социализм» дағдарысы жылдарындағы Қазақстан. Қоғамның
рухани-мәдени өмірі, қоғамдық қозғалыстар. Ауғанстан жеріне кеңестік әскердің енгізілуі.
Елдегі наразылық.
Қазақстан «қайта құру» жылдарында (1985-1991 жж.). Дағдарыс және әміршіл-
әкімшіл жүйенің күйреуі. М. Горбачев - «қайта құрудың» бастамашысы. Халықтың
әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің созылмалы
дағдарысы. Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өмірі. Жариялылық
және «қайта құру» саясаты. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі: себептері мен зардаптары.
Кеңестік социализмнің мәні мен мазмұны. КСРО-ның ыдырауы қарсаңындағы Қазақстан.
Республикадағы әлеуметтік-саяси үдерістер. «Қазақ КСР-де тілдер туралы Заңның»
қабылдануы (22 қыркүйек, 1989 ж.). Қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктер және ұлттық-
мәдени орталықтардың құрылуы (1989-1990 жж.). «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-
Балқаш», «Әділет» тарихи - ағарту қоғамы, «Қазақ тілі» қоғамы және экологиялық
қозғалыстар. Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы. Қоғамдық қозғалыстар мен
алғашқы саяси партиялардың құрылуы: «Алаш» партиясы, «Қазақстан социал-
демократиялық партиясы», «Желтоқсан» ұлттық-демократиялық партиясы, «Азат» және
«Бірлік» Қазақстан азаматтық қозғалысы. Одақтық басшылықтың әлсіздігі, аяқталмаған
реформалар, қарама-қайшылықтардың белең алуы.