2. Нормативтік сілтемелер
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңы
(өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нұсқасы жаңа редакцияда ҚР 04.07.2018 № 171-
VI);
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасы,
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы, ҚР БҒМ 06.05.2021, 24.05.21
жылғы №, 207, 241 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтары;
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жарғысы:
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті
Кеңес мәжілісінің шешімдері;
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жоғары
білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша магистратура, резидентура,
докторантураға оқуға қабылдау ережесі;
Қабылдау комиссиясының шешімдері.
3. Жалпы ереже 1. Докторантураға магистр дәрежесі және кемінде 9 ай жұмыс өтілі бар немесе
медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған Қазақстан
Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтар қабылданады.
2. Шетелдік азаматтар мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін оқуға
арналған конкурсқа Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар
мен келісімдерде көзделген жағдайларда ғана қатыса алады.
3. Докторантураға қабылдау білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу
емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
4. Докторантураға түсу емтиханы эссе жазудан, докторантурада оқуға дайындыққа
тест тапсырудан және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтиханнан
тұрады.
5. Түсу емтихандарын өткізу және докторантураға қабылдау кезеңінде ЖЖОКБҰ-
да түсу емтихандарын қабылдау үшін пәндік емтихан және апелляциялық комиссиялар
құрылады; эссені тексеру үшін жеке комиссия құрылады.
6. Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау күнтізбелік жылдың 3
шілдесі мен 3 тамызы аралығында, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу
емтихандары күнтізбелік жылдың 4 тамызы мен 20 тамызы аралығында, қабылдау 28
тамызы аралығында жүргізіледі.