Ф-ОБ-001/175-2
1. Сипаттамасы
Бағдарламаның мақсаты білім беру бағдарламаларының
топтары бойынша
докторантураға түсу емтихандары үшін емтихан материалдарының үміткерлер үшін
түсіндірмесі болып табылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына
сәйкес докторантураға
қабылдау білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу
емтиханының
нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Докторантураға түсу емтиханы эссе жазудан, докторантурада оқуға дайындық тестін
тапсырудан және білім беру бағдарламалары тобының
бейіні бойынша емтиханнан
тұрады.