35
Аллаһ пен расулына шақыру
Кейіннен Хакәм Аллаһ
жолында соғысып, Бири
Мәғунада шейіт болды. Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оған қатты риза кейіп танытты»
63
.
хамзаны шейіт еткен уахшидің мұсылман
болуы
Уахши Хамзаны (р.а.) шейіт еткеннен кейін, Мекке-
ге оралды. Мекке алынғаннан кейін, Таифке қашпақшы
болды. Таифтықтардың да Исламды қабылдау үшін
Расулаллаһқа бара жатқанын көргенде, барар жер, ба-
сар тауының қалмағанын аңғарады.
Пайғамбарымыз Уахшиді Исламға шақырып, ха-
бар жібереді. Уахши: «Уа, Расулаллаһ! Мені қалайша
Исламға шақырасың? Аллаһқа серік қосқандар, Аллаһ
қадірлі
еткен жандарды өлтіргендер, зинақорлық
жасағандар күнәларының азабын шегеді. Қияметте, сол
бір ұлы есепке тартылу күні олардың жазалары есе-
леніп, мәңгі азап пен масқаралыққа тап болады. Мен
осының бәрін жасадым. Менің әлі де мәңгілік азаптан
құтылар мүмкіндігім бар ма?» – дейді.
Осыған орай,
Аллаһ мына аятты түсіреді:
«Алайда кері қайтып,
иман келтіргендер, жақсы және дұрыс іс істегендер
осы айтылғандардан тысқары болады. Аллаһ олардың
жамандықтарын жақсылыққа, күнәларын сауапқа
айналдырады. Өйткені Аллаһ кешірімді, мейірімді»
(«Фұрқан», 25/70).
Сонда Уахши: «Әй, Мұхаммед! Иман келтіріп, із-
гілік істеу менің қолымнан келе қояр ма екен? Менің
бұған көзім жетіңкіремейді», – дейді.
Сонда Пайғамбарымыз оған мына аятты жібереді:
«Бір нәрсе ақиқат: Аллаһ өзіне серік қосқанды кешір
-
63
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 4/137
36
Сахабалар салған сара жол
мейді, одан басқа барлық күнәларды кешіреді»
(«Ниса»,
4/48).
Уахши: «Уа, Мұхаммед! Бұл туралы сен не дейсің?
Кешіру Аллаһтың еркіне байланысты. Мені кешіре
ме, кешірмей ме, білмеймін», – дейді. Сонда мына аят
түседі: «
Ей, нәби! Сен мынаны насихатта: «Ей, көп күнә
істеп, өздеріне қиянат жасауда алдына жан салмаған
құлдарым! Аллаһтың рақымдылығынан үміт үзбеңдер.
Аллаһ қаласа, барлық күнәларды кешіреді. Өйткені Ол
асқан кешірімді әрі тым рақымды»
(«Зүмәр», 39/53).
Уахши өзі күткен жауабын алған еді. Бірден тәубаға
келді. Осыны білген кейбіреулер: «Уа, Аллаһтың ел-
шісі! Біз де Уахшидің жасағандарын жасаған едік. Бізді
де кешіре ме?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз: «Иә,
тәубаға келсеңдер, барлығыңды да кешіреді», – дей-
ді
64
.
Достарыңызбен бөлісу: