Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


САхАбАлАРдың ЖЕКЕ АдАМдАРды



Pdf көрінісі
бет71/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

22. САхАбАлАРдың ЖЕКЕ АдАМдАРды 
иСлАМғА шАҚыРуы
 Әбу бәкірдің халықты исламға шақыруы
Ибн Ысхақ былай дейді: «Әбу Бәкір (р.а.) Исламға 
кіріп, мұсылмандығын жариялағаннан кейін, халықты 
Аллаһтың бір екендігіне иман келтіруге шақыра бас-
тады. Кішіпейіл, жұмсақ мінезді болғандықтан, халық 
159
Хаким, Мүстәдрәк 3/561 (6084)


171
Аллаһ пен расулына шақыру
Әбу Бәкірдің сөзін жерге тастамай сыйлайтын. Әбу 
Бәкір (р.а.) Құрайыштың түп шежіресін, жақсы-жаман 
жақтарын бес саусақтай білетін. Көркем мінезді, шын-
шыл, адал саудагер болатын. Білімді болғандықтан, 
талас тудырған мәселеде әркім келіп төрелігіне де 
жүгінетін. Әбу Бәкір өзіне сенім артып келгендерді 
Исламға шақыратын. Білуімізше, Зубәйр ибн Аууам, 
Осман ибн Аффан, Талха ибн Ұбайдуллаһ, Сағыд ибн 
Әбу Уаққас, Абдуррахман ибн Ауфтардың (р.анһум 
әжмағин) тура жолға түсуіне себепші болған. Олар Әбу 
Бәкірге еріп, Аллаһ елшісіне барады. Пайғамбарымыз 
болса, Исламды түсіндіріп, Құран оқып, Исламның хақ 
дін екенін баяндайды. Пайғамбарымыз бен Әбу Бәкірдің 
себепкер болуымен бәрі иман келтіреді. Аллаһ расулын 
растап, Аллаһтан түскен барлық аяттарға сенетіндік-
терін мәлімдейді. Бұлар Ислам дінін алғаш қабылдаған 
ер кісілер еді»
160
.
Мұсғаб ибн умәйрдің усәйд ибн худайрды 
исламға шақыруы
Ибн Ысхақ былай дейді: «Әсад ибн Зурара Мұсғаб 
ибн Умәйрмен (р.а.) бірге Абдулашхалұлдары мен 
Зафарұлдарының жеріне бару үшін жолға шығады. 
Сағыд ибн Муаз Әсад ибн Зурараның жиені бола-
тын. Зафарұлдарының құрма бауларының арасындағы 
Мәрак құдығының басындағы бауға барып, тізе бүгеді. 
Исламды қабылдаған бірнеше адам да солардың қасына 
жиналады. Бұл уақытта Сағыд ибн Муаз бен Усәйд ибн 
Худайр Абдулашхалұлдарының көсемдері болатын. 
Екеуінің де мұсылман бола қоймаған кезі. Мұсғаб пен 
Әсадтың келгенін естіп Сағыд ибн Муаз Усәйдке: «Әй, 
160
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/29


172
Сахабалар салған сара жол
тұқымың құрғыр! Адамдардың сауатсыздығын пайда-
ланып, алдауға келген ол екеуін қуып жібер, ендігәрі 
мұнда аяқ баспасын. Әттең, Әсад туысым болмағанда, 
бұл істі өзім-ақ тындырар едім. Нағашы әпкемнің ба-
ласы болғандықтан, онымен жаға жыртысқаным дұрыс 
болмас», – дейді. 
Содан Усәйд ибн Худайр қолына найзасын алып, 
жұмсаған жаққа кетеді. Әсад ибн Зурара (р.а.) Усәйдтің 
қарасын көріп, Мұсғабқа (р.а.): «Саған келе жатқан 
мына кісі – осы қауымның беткеұстары», – дейді. 
Мұсғаб: «Келсін, сөйлесіп көрейін», – дейді. 
Усәйд олардың қасына терісіне симай тепсініп 
келіп: «Бізге не үшін келдіңдер? Біздің адамдары-
мызды алдауға ма? Өмір сүргілерің келсе, қараларыңды 
батырыңдар бұл жерден!» – дейді.
Мұсғаб: «Уа, батыреке, аптығыңды бас. Бас кес-
пек болса да, тіл кеспек жоқ. Бір ауыз сөзге қонақ 
бер. Айтқандарымыз ұнаса қабылдарсың, ұнамаса 
қабылдамассың», – дейді. 
Усәйд найзасын жерге қадап, тізе бүгеді. Мұсғаб 
оған Исламды түсіндіреді, Құран оқиды. Осыған байла-
нысты Мұсғаб пен жолдастарының былай дегендігі ай-
тылады: «Сөйлеспей тұрып-ақ жүзі нұрланып, қабағы 
ашылғанынан-ақ Усәйдтің Исламды қабылдайтынын 
сезген едік». Усәйд сосын: «Мына айтқандарың адам-
ды баурап алатын, ет-бауырыңды елжірететін сөздер 
екен! Сендер бұл дінге кірерде не істедіңдер?» – дей-
ді. Мұсғаб: «Ғұсыл құйынып, жақсылап тазаланасың. 
Киімдеріңді тазалап, шаһадат айтып, намаз оқисың», – 
деді. Ол осы айтылғандардың барлығын орындап, екі 
рәкат намаз оқыды. Сосын оларға: «Осы елде тағы бір 
адам бар, егер ол сендерге бағынса, қауымы да қарап 


173
Аллаһ пен расулына шақыру
қалмас ізінен ереді. Енді сендерге Сағыд ибн Муазды 
жіберемін», – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет