5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет128/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сақтар
79
Жауаптары
Жұптар топтарға біріккен кезде үш топты құрайды. 
Басқарушылар немесе билік иелері: тайпа көсемі
президент, әкім, император. Еңбекшілер мен қыз-
меткерлер: малшы, қолөнерші, жұмысшы, дәрігер. 
Қауіпсіздікті қорғаушылар: жауынгер, сот, прокурор.
 
Суретпен жұмыс
Оқулықтағы 1-суретпен жұмысты мынадай 
сұрақтар арқылы жүргізіңіз: "Суретте не бейнелен-
ген? Суреттегі қорғанның әрбір элементін зерттең-
дер. Қорған құрылысының ерекшелігі неде деп ой-
лайсыңдар? Қорғандарда кімдер жерленуі мүмкін?" 
Сыныпты бірнеше топтарға бөліңіз. Топқа флипчарт 
қағазын таратып, флипчартты оқушы санына қарай 
бөліңіз. Әрбір бөліктің ішіне кіші төртбұрыштар сыз- 
ғызыңыз. Оқушылар суретке қарап, өз ойларын жа-
зады. Флипчартты сағаттың тілі бойынша айналды-
рады. Оқушылар бір-бірінің ойларын жалғастырады. 
Соңында жауаптарын талқылап, ортақ қорытынды 
жасайды. Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, өз-
дерінің болжамдарының қаншалықты сәйкес кел-
генін талқылайды. Әр топтан бір-екі оқушының жау-
аптарын сыныпта тыңдатыңыз. 
Жауаптары.
Суретте адам жерлейтін қорған бей-
неленген. Қорған құрылысының ерекшелігі – оның 
жерүсті және жерасты құрылыстарынан тұратын-
дығы. Жер үстіндегі құрылыс – тығыз қаланған тас- 
тардан, тас дуалдардан және үйінділер төңірегіндегі 
меңгіртастар тізбегінен тұратын алып үйінді. Үйінді 
архитектурасын жер астына түсетін дәліз (дромос) 
жолы және жерасты кұрылыстары – Тянь-Шань 
шыршасының бөренелерінен жасалған жерлеу 
орны мен қуыстар құрайды. Қорған құрылысының 
күрделілігіне қарай онда "патшалар немесе тайпа 
көсемдері жерлеген" деген болжам жасауға болады.
Сурет бойынша түсіндіріңдер
Суретті талдауға арналған аналитикалық жұмыс 
парағын қолданыңыз. Оқушылар тапсырманы жұп-
та орындасын. Суретті талқылап болғаннан кейін, 
аналитикалық жұмыс парағын толтырады. Толтыр- 
ған парақтарын келесі жұптармен бірігіп, жауапта-
рын өзара алмасып талқылайды. Соңынан оқушы-
ларға оқулық мәтінін оқытыңыз. Сақтарда қандай 
әлеуметтік топтар болғанына назар аудартыңыз. 
Неліктен патшаларға алып қорғандар салынатынын 
оқушылар түсінетін болсын. 
Жауаптары.
Суреттен көретініміз: патша мен тай-
па көсемдерінің қолдарында билік пен байлықтың 
бар екендігі анық. Патшаның белгісі: қолындағы аса-
таяғымен, астындағы тағымен ерекшеленеді. Олар-
дың күші – әскерлерінде. Қалған көпшілік қауым
малшылар мен егіншілер оларға қызмет етеді. Жа-
уынгерлер соғысқа қатысып, елін жаудан қорғаған. 
Малшылар мал бағып, қолөнершілер түрлі бұй-
ымдар жасаған. Осылайша суреттерден сақтарда 
әлеуметтік теңсіздік болғаны туралы айтуға болады.
Жасап көріңдер
Оқулықтағы 3-суреттің негізінде алып қорғанның 
макетін дайындаңыз. Тапсырманы оқушылар топ бо-
лып орындайды. Макетті дайындау үшін бастапқыда 
оқушылар қажетті материалдар тізімін жасауы ке-
рек. Содан кейін макеттің сызбасын салып, қорған-
ның қандай болатынын алдын ала жоспарлауы тиіс. 
Қорған жасаудың әр қадамы нақты белгіленуі қажет. 
Макет жасап болған соң, оқушылар өз құрылысын 
сыныпқа сипаттап береді. Жалпы макетті дайындау 
барысында қандай проблемаларға тап болғандығы, 
оларды не таңғалдырғаны туралы айтуы шарт. Са-
бақтың соңында "Патшаларға неліктен алып қорған-
дар тұрғызылды?" деген сабақтың зерттеу сұрағына 
оқушылар жауап келтіре алатын болсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет