5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


тоналады. 80 3-тарау. Сақтар



Pdf көрінісі
бет130/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

 
тоналады.


80
3-тарау.
Сақтар
3.3.
Шілікті және Бесшатыр патша
қорғандары (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипат-
тау.
Тірек сөздер
қорған
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан 
тарихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопеди-
ясы, 2006.
Оқулық: Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары, 
80-81-бет.
Зерттеу сұрағы: 
неліктен Шілікті мен 
Бесшатыр «Патша қорғандары» деп аталады? 
Сабаққа дайындық 
1. «Білемін, білгім келеді, білдім» кестесін оқушы-
ларға толтыруды дайындаңыз. 
Білемін
Білгім келеді
Білдім
2. Бесшатыр қорғаны құрылысының суреті бар 
сұрақтар жазылған А3 пішініндегі қағазды әзірлеңіз. 
3. А3 пішініндегі қағазға Венн диаграммасын дай-
ындаңыз. 
Сабақтың деректі материалдары 
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданын-
да ұзындығы – 80, ені 30 шақырым кеңістікті алып 
жатқан Тарбағатай жазықтығының тамаша табиға-
тында Шілікті қорғаны орналасқан. Ондағы 300-ден 
астам обаның 51-і үлкен «патша қорғандары» деп 
аталады. Қорғандарда кеңестер дәуірі кезеңдерінде, 
1949, 1952, 1962 жылдары Ленинградтан келген ар-
хеолог ғалымдар осы аймақта зерттеу қазба жұмыс- 
тарын жүргізген. С.С. Черников бастаған ғалымдар 
осы жылдары 13 обадан көптеген археологиялық 
жәдігерлер тапты. Шілікті қорымдарын Ә. Төлеу-
баев бастаған қазақстандық ғалымдар 2003 жыл-
дан бері зерттеуде. Шілікті қорғандарының ішінде 
Бәйгетөбеден қызықты археологиялық жәдігерлер 
табылған. Обаның биіктігі – 7,9 м, диаметрі – 99 м. 
Обадағы мәйіт қарағайдан соғылған табыттың ішіне 
қойылған. Адамның қаңқасы толығымен сақталған. 
Мәйіттің қасына қымбат заттар жерленген. Архео-
логтар Бәйгетөбеден мәйіттің қасынан 4303 алтын 
жәдігерді тапты. Обадан 153 мәлін бейнесіндегі 
маска, 36 самұрұқ, бұғы бейнесіндегі 20 алтын, 39 
қасқыр және арқар бейнелі бір қаптырма табыл-
ды. Бұдан басқа 23 қоңырауша сияқты, 63 кеңірдек-
ше тәріздес алтын, 17 алтын тілікше, 17 алтын сым, 
жарты шарға ұқсаған 141 салпыншақ, барлығы 2835 
құлақшалы алтын салпыншақ, 223 ұсақ кеңірдекше 
тәрізді алтын тізбе, 743 шығыршық тізбе және бір 
кішкене қапсырма шеге табылды. Табылған жəді-
герлердің арасында бесжұлдыз бейнесіндегі түйме 
қаптырма ғалымдардың ерекше қызығушылығын 
туғызған. Ғалымдар бесжұлдыз патша билігінің бел-
гісі деп есептейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет