5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет132/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары:
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Қорғандарда 
мәйіттер жерленеді
Бесшатыр, Шілікті 
қорғандарының 
құрылысы
Патша қорғандары 
үлкен құрылыс
Кім жерленген?
О дүниелік өмірге 
сеніп заттарын 
жерлеген
Қандай заттар 
табылды?
Жерлеу ғұрпы 
әлеуметтік 
жіктелумен 
байланысты
Қорғандар қай 
жерде орналасқан?
Құрылысты сипаттаңдар
Бесшатыр құрылысын сипаттауды сурет арқылы 
орындатыңыз. Тапсырма топтық жұмысқа ар-
налған. Әр топқа стикерлер мен А3 пішініндегі қағаз 
беріледі. Әрбір топқа бөлек түсті маркер таратыңыз. 
Топтар сұраққа жауаптарын жазғаннан кейін флип-
чарттарымен өзге топпен алмасады. Топта берілген 
кері байланысты талқылайды. Соңынан «Сендерді не 
таңғалдырды», «Не ойландырады?» деген сұрақтар-
мен қорытындылаңыз. 
Жауаптары.
Меңгір – қорғанды айналдыра 
тұрғызылған үлкен тастар қатары. Үйінді қабаттар 
қабірдің үстіне үйіледі. Дромос – жер астынан қа-
зылған, лақатқа сырттан кіру үшін жасалған жол. 
Лақат – қабір мәйітті жерлеуге арналған орын. 
Екі қорғанды салыстырыңдар 
Берілген критерийлер негізінде оқушылар екі 
қорғанды: орналасқан жері, обалар саны, құрылыс 
көлемі, табылған олжалары бойынша салыстыра-
ды. Тапсырманы топта орындатыңыз. Оқушыларға 
А3 пішініндегі қағаздағы Венн диаграммасын тара-
тыңыз. Критерийлер негізінде Бесшатыр және Шілік-
ті қорғандарын өзара салыстыртыңыз. Тапсырманы 
орындағаннан кейін, әр топ өз жұмысын қабырғаға 
іліп, басқаларға таныстырады. Тапсырманы оқушы-
лармен бірге қорытындылаңыз.
 
Жауаптары.
Бесшатыр және Шілікті қорғандары 
– «патша қорғандары». 
Құрылыстары үлкен және күрделі. 
Шілікті қорғанынан патша билігінің белгісі болып 
табылатын бесжұлдыз табылған.
Қорғаннан мәйіттермен бірге көптеген алтын бұй-
ымдар табылған.
Қорытындылаңдар
"Білемін. Білгім келеді. Білдім" деген кестенің 
соңғы бағанын толтыртыңыз. Сабақтың басында 
толтырған кестенің соңғы бағанын толтыра отырып, 
оқушылар бүгінгі сабаққа баға бере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет