5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет140/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Тұжырымдаңдар
Сақтар өнерінің екі ерекшелігін анықтап, өз ойла-
рыңды тұжырымдаңдар.
Бағалау мүмкіндіктері 
"Ойланыңдар", "Анықтаңдар" айдарлары бойынша 
берілген тапсырмаларды орындауды бағалауыңызға 
болады. 
Қосымша тапсырма 
"Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың 
өмірін толық сипаттай ала ма?" деген мәселе бой-
ынша оқушыларға бірнеше жақтайтын және қар-
сы пікірдегі дәйектерді ұсыныңыз. Оқушылар «иә» 
«жоқ», «қалыс қалдым» бағытын таңдап, дәйектерге 
дәлелдер келтіреді. 
Жақтау дәйектері:
сақтар қоғамын жерлеу ғұрпы 
толық сипаттайды; тоң қабатында толық сақталған 
адам мен жылқылар маңызды дереккөз; сақтар өмірін 
ғұрыптық және тұрмыстық заттар айқындайды.
Даттау дәйектері
: табылған олжалар нақты адам 
туралы мәлімет бермейді. Көптеген заттар тоналған. 
Обада тек кейбір заттар ғана жерленгендіктен, берел-
діктер өмірін толық сипаттау мүмкін емес.


86
3-тарау.
Сақтар
3.5.
Тасмола археологиялық мәдениеті (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау.
Тірек сөздер
"мұртты" оба
тізбек
Ресурстар
1. Марғұлан А.Х, Ақышев К.А., Қадырбаев М.К., 
Оразбаев А.М. Орталық Қазақстанның ежелгі мә-
дениеті. - Алматы, 1966.
2. Бейсенов А.З. Орталық Қазақстанның ерте 
темір дәуіріндегі қоныстарды зерттеу – археологи-
яның жаңа бағыты. 2009.
Оқулық: Тасмола археологиялық мәдениеті, 
86-87-бет.
Зерттеу сұрағы:
«мұртты» обалардың ерек-
шелігі неде?
Сабаққа дайындық
Бесшатыр, Берел, Шілікті, Есік қорғандарының 
және «мұртты» оба суреттерін тақтаға іліп қойыңыз. 
Сабақтың деректі материалдары
«Мұртты» обалар – ерте темір дәуірінің ескерт-
кіштері. "Мұртты" обалар қазақтың ұсақ шоқылы 
аймағында таралған. Орталық Қазақстанның «мұрт-
ты» обалары Тасмола мәдениетіне жатады. Археолог
М.Қ. Қадырбаев Тасмола мәдениетінің хроноло-
гиялық мерзімін б.з.д. VII–III ғасырлар аралығына 
жатқызады. «Мұртты» оба жерлеу кешендерінде 
қолданылған негізгі құрылыс материалы – тастар. 
Жерлеу құрылысы үш бөліктен тұрады. Олар: үлкен 
қорған, кіші қорған және ұзын тас тізбектері. Үлкен 
қорғанда мәйіт жерленеді. Кіші қорғандарда жылқы 
қаңқалары мен ыдыс сынықтары жерленген. «Мұрт-
ты» обалардың үлкен және кіші түрлерінің орнала-
суына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бірінші "мұрт-
ты" обадағы үлкен үйіндіге жақын, шығыс жағынан, 
кіші оба салынған. Үлкен үйіндінің астына мәйіт 
жерленген. Кіші үйіндіге қыш ыдыс пен жылқы жер-
ленген. Үйінділерден шығысқа қарай доға тәрізді 
тас тізбектері қаланған. Екінші "мұртты" обада үлкен 
үйінді солтүстікте, кіші үйінді оңтүстікте орналасқан. 
Жерлеу ғұрыптары ұқсас. Үшінші түрінде үлкен үйін-
ді астында, кіші үйінді үстінде тұрғызылған. Төртінші-
де қыш құмыра мәйітпен бірге, жылқы шұңқыр сы-
ртында болғанымен бір үйінді астында жерленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет