5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Сақтар 87 данылған құрылыс материалдарын, еңбек құралда- рын анықтап, әңгіме құрастырады. Жауаптары



Pdf көрінісі
бет142/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сақтар
87
данылған құрылыс материалдарын, еңбек құралда-
рын анықтап, әңгіме құрастырады.
Жауаптары. 
Обаның тас тізбектері мұртқа ұқсас 
екеніне көз жеткіздік. «Мұртты» оба екі қорғаннан 
және батыстан шығысқа қарай бағытталған екі жар-
ты доға тәріздес тас тізбектерінен тұрады. Тас тіз-
бектерінің соңы үйінділермен аяқталған. Құрылысқа 
тас материалдары көп қолданылған. Сондықтан 
ғылымда «мұртты» оба деп 
аталған
.
Тұлғаны таныңдар
Оқушыларға айдардағы мәтінді ұсыныңыз. Мәтін-
дегі ақпаратты қолдана отырып, "Кім? Не? Қашан? 
Қайда?" сұрақтарына жауап береді. Тапсырманы 
оқушылар топта орындасын. Сұрақтарды топпен 
талқылайды. Өздерінің пікірін білдіріп, қосымша 
білімін пайдаланады. Кейін барлық топтар қорытын-
ды жасайды.
Жауаптары: 
Кім? – Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев.
Не? – «Мұртты» оба, археологиялық ескерткіш, 
Тасмола мәдениеті.
Қашан? –
ХХ ғасырдың екінші жартысы.
Қайда? – Орталық Қазақстанда.
Картамен жұмыс 
Тапсырманы жұпта орындатыңыз. Оқушылар, ал-
дымен, суретке қарап, ескерткіштердің қай жерлер-
ден табылғанын анықтайды. Тайпалық одақтардың 
орналасуын мәтіннен тауып, карта бойынша «мұрт-
ты» обалар қандай сақ тайпаларының аумағын-
да басым орналасқанын біледі. Өзара талқылатып, 
соңынан 2-3 жұптың жауаптарын тыңдатыңыз. 
Оқушылар мәтінмен танысу арқылы өз жауаптарын 
салыстыра алады.
Жауаптары.
«Мұртты» обаларды тұрғызған тай-
палар: исседондар, аримаспылар және аргипейлер. 
Кейбір обалар массагеттер жерінде тұрғызылған. 
Ең көп «мұртты» обалар шоғырланған аймақ – Ор-
талық және Солтүстік Қазақстан. Бұл жерлерді ерте 
темір дәуірінде исседондар мен аримаспылар ме-
кендеген. 
Бағалау мүмкіндіктері 
Оқушылар ғалымдардың археологиялық ескерт-
кіштерді «мұртты» оба деп атау себебін анықтайды. 
Суретке қарап, оба құрылысын өзге қорғандармен 
салыстырып, 3 ерекшелігін атайды. Тапсырманы 
оқушы қабілетіне қарай түрлендіруге болады. Кей-
бір оқушылар сурет бойынша «мұртты» обалар 
құрылысын сипаттап, оның ерекшеліктерін сызба 
бойынша түсіндіреді (1-сурет). Кемінде үш ерек-
шеліктерін атайды. 
«Тұлғаны таныңдар» айдарында оқушылар мәтін-
дегі ақпаратты қолдана отырып, "Кім? Не? Қашан? 
Қайда?" сұрақтарына жауап береді. Картамен жұмыс 
жасайды. "Мұртты обалар" шоғырланған аймақты 
картадан көрсетеді. Дерек негізінде обаны кімдер 
тұрғызғанын, неліктен тұрғызғанын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет