Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақ "ұқсастық пен айырмашылық" тарихи кон-
цептісі негізінде құрылған. Сабақты сыныптағы қа-
бырғаларға жапсырылған қорған, оба суреттерін
көрсетуден бастаңыз. Оқушылардан бұл суреттер
туралы не білетінін сұраңыз. Оқушыларға Бесшатыр,
Шілікті, Берел, Есік обалары белгілі болғандықтан,
олар туралы білгендерін естеріне түсіреді. Оқушы-
лар белгісіз "мұртты" оба суретіне назар аударады.
Өзге қорғандардан ерекше сыртқы құрылысын бай-
қау арқылы оқушылар сабақ тақырыбын анықтай-
ды. "Ойланыңдар" айдарындағы тапсырма арқылы
оқушылар оқулықтағы суретті талдай отырып,
«мұртты» обаның құрылысындағы ерекшеліктерін
атай алады. Тапсырманы түрлендіріп, сурет бойын-
ша құрылысты сипаттатып, «мұртты» обаны өзге
қорғандармен салыстырып, ерекшелігін анықта-
тыңыз. Оқушылар жеке, жұпта, топта сұрақтар қою,
сұхбат ұйымдастыру арқылы «мұртты» обалардың
ерекшелігін терең түсіне алады. Картамен жұмыс
тапсырмасын орындап, оқушылар «мұртты» оба-
ларды кімдер тұрғызғанын анықтай алады.
Ойланыңдар
Бұл айдар бойынша тапсырманы жұпта орында-
тыңыз. Оқулықта берілген 1-сурет пен сұрақтарға
назар аудартыңыз. Оқушылардың жұпта талқыла-
уын қадағалаңыз. Олар ғалымдардың «мұртты» оба
деп атау себебін анықтайды. Суретке қарап, оба
құрылысының өзге қорғандармен салыстырғандағы
кемінде үш ерекшелігін атауды ұсынуыңызға бола-
ды. Жұптардың жауаптарын сыныпта тыңдатыңыз.
Соңынан мәтінді оқушылар өз бетімен оқысын.
Тапсырманы оқушы қабілетіне қарай түрлендіруге
болады. Кейбір оқушылар сурет бойынша «мұртты»
обалар құрылыстарын сипаттайды. Оба түрлерінің
ерекшеліктерін сызба бойынша түсіндіреді. Кемін-
де үш ерекшелігін атайды. Ал енді біріне Венн диа-
граммасы арқылы «мұртты» обаның төрт түрін өза-
ра салыстыру сызбасын жасауға тапсырма беріңіз.
Қалған оқушылар «мұртты» обаны салу кезінде қол-
3-тарау.
Достарыңызбен бөлісу: |