Зерттеу сұрағы:
«мұртты» обалардың ерек-
шелігі неде?
Сабаққа дайындық
Ә.Х. Марғұлан: «Мұртты» обалар – ата-баба рухына
ас беру және еске алу мақсатында тұрғызылған
ғұрыптық нысан.
Ә.М. Оразбаев: Обалар кешенін Күнге табыну мен
жылқыны құрбандыққа шалу наным-сенімдеріне
байланысты тұрғызған.
М.Қ. Қадырбаев: «Мұртты» обалар кешенінің
шығыс құрылымдары тек ғұрыптық сипатта болса,
кешеннің үлкен оба бөлігінде тайпаның беделді
мүшелері, рубасылар, тайпа көсемдері жерленген.
П.И. Мариковский: «Мұртты» қорғандар ежелгі
обсерваториялар
қызметін
атқарған.
Сақ
астрономдары жұлдызды аспан, күн мен айды
бақылап, жыл мезгілін анықтау үшін «мұртты»
қорғандарды пайдаланған. «Мұртты» кешендер
астрономиялық болжамдар жасау үшін де салынуы
мүмкін.
А3 пішініндегі парақтарға әрбір пікірді жеке жазып
дайындаңыз.
Сабақтың деректі материалдары
Сарыарқа жеріндегі ерте темір дəуіріне қарасты
ескерткіштер Тасмола мəдениетіне жатады. Тасмола
мәдениетінің ескерткіштері исседон, аргиппей, ари-
маспы тайпаларына тән. Тасмола мәдениетінің негізі
«мұртты» обалар болатын. Ғалым Ә. Марғұланның
пікірінше, «мұртты» обалар – ата-баба рухын еске алу,
олардың құрметіне ас беру мақсатында тұрғызылған
ғұрыптық нысан. Археолог ғалым Ә.М. Оразбаев-
тың болжамы бойынша, обалар Күнге табыну мен
жылқыны құрбандыққа шалу ғұрыптарына байла-
нысты тұрғызылған. Тасмола мәдениетін алғаш ғылы-
ми айналымға кіргізген М. Қадырбаевтың пікірінше,
«мұртты» обаның шығыс бөлігі ғұрыптық сипатта
болса, кешеннің үлкен оба бөлігінде тайпаның
рубасылары, тайпа көсемдері жерленген. Ғалым
П.И. Мариковскийдің пікірінше, ежелгі кезде «мұртты»
қорғандар обсерваториялардың қызметін атқарған.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақтың мақсаты – «мұртты» обалардан
табылған жәдігерлер негізінде сақтардың ғұрыптық
ерекшелігін
түсіндіру.
Оқушылар
«Мұртты»
обалардан табылған жәдігерлердің сақтардың өмірі
мен дүниетанымын қаншалықты сипаттай алатынын
анықтау үшін ғалымдардың пікірлеріне сүйеніп,
бір-бірімен пікір таластыра алады. Оқушылар өз
көзқарастарын дәлелдей алу дағдыларын дамытады.
"Археологтың күнделігі" тапсырмасын орындау
арқылы оқушы археологтік барлаудан бастап,
бүкіл жұмысын жүйелей алады. Бұл тапсырманы да
оқушылардың қызығушылығына қарай түрлендіре
аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |