5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет146/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары
1. Ә. Х.Марғұланның пікірін қолдай-
мыз. Себебі «мұртты» обалардағы тас тізбектерінде 
сынған ыдыс қалдықтары мен оттың күл қалдығының 
табылуы - ата-баба рухына ас беру және еске алу 
мақсатында тұрғызылған ғұрыптық нысан екендігін 
көрсетеді.
2. Обалар кешенін күнге табыну мен жылқыны 
құрбандыққа шалу наным-сенімдеріне байланысты 
тұрғызғандығы анық. Мұртшалар күншығыс бағы-
тында салынған. 
3. «Мұртты» обаларда тайпаның беделді мүшелері, 
рубасылар, тайпа көсемдері жерленген. Себебі, оба 
бірнеше бөліктерден тұратын күрделі кешен.
4. «Мұртты» қорғандар ежелгі обсерваториялар 
қызметін атқарған. Сақтар үшін обалар сағат рөлін 
атқарып, жыл мезгілдерін анықтауға мүмкіндік бер-
ген.
Салыстырыңдар
Оқушыларға Берел және «мұртты» обаларды
салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылықтарын
анықтауға тапсырма беріңіз. Оқушылар Берел қорға-
ны туралы алған білімдерін қолдануы тиіс. Жерлеу 
ғұрпы, табылған олжалар мен обалар құрылыста-
рын салыстыру арқылы "мұртты оба" ерек-
шелігін анықтайды.
Тапсырманы топта орындасын. Обалардың ерек-
шеліктерін әр жұп жеке орындап, екі жұп бірлесіп, 
ортақ белгілерін топта қарастырады. Соңынан қоры-
тынды жасатыңыз. "Мұртты" обалардың ерекшелігі 
неде?" деген зерттеу сұрағына жауап беруге бағыт-
таңыз.
Жауаптары
Ұқсастықтары:
Күн Құдайына табыну, жылқыны 
адаммен бірге жерлеу, аң бейнесіндегі қолөнер бұй-
ымдары, ат әбзелдері, тайпа көсемдері, ру басшыла-
ры жерленген күрделі жерлеу кешені.
Ерекшелігі:
доғаланған тас тізбектері, мұртша-
лардың күншығыс бағытында салынуы, адам мен 
жылқының жерленуіне байланысты бірнеше түрінің 
болуы, жерлеу құрылысының тастан салынуы.
Археологтың күнделігі
Бұл тапсырмада «мұртты» обадағы қазба жұ-
мыстары туралы археолог ретінде зерттеу күнделі-
гін жазуды ұсыныңыз. Тапсырманы оқушы жеке 
орындасын.
Күнделік бес күнді қамтиды. Күнделікті 
жазу кезінде оқушылар мынадай талаптарды ескер-
гені жөн: бірінші күн – барлау жұмыстары, обаны 
анықтау, географиялық ерекшеліктерін көрсету. Екін-
ші күн – қазба жұмыстарының басталуы, археолог-
тың болжамдары. Үшінші күн – қазба жұмыстарының 
барысы. Төртінші күн – олжаларды зерттеу, талдау 
жасау. Бесінші күн – зерттеу нәтижесін қорытынды-
лау. Тарихи концептіні ескеріп, алдыңғы білімдерін 
қолдана отырып, сақтар туралы қорытынды жасай-
ды. Тапсырманы оқушылардың
қызығушылығына
қарай түрлендіруіңізге болады. Кейбір оқушылар 
тірек сөздерге сүйене отырып, үш-төрт күндік зерт-
теу 
жұмыстарын жүргізеді.
Ал қалған оқушылар 
нақты бұйымдарды дәлелге ала отырып, сақ тайпа-
ларының шаруашылығында орын алған өзгерістерді 
анықтайды. Өз есе
птерінде
осы өзгерістер ерекше 
көрсетіледі.
Жауаптары
Тірек сөздер:
«Мұртты» оба, исседондар тайпасы, 
Орталық Қазақстан, оба жәдігерлері, наным-сенім, 
ғұрыптық нысан, обсерватория.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет