90
3-тарау.
Сақтар
3.6.
Сақ патшайымы Томирис (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің
халықаралық сахнадағы орнын анықтау.
Тірек сөздер
патшайым
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге
дейін. 1-том. – Алматы, 2010.
2. Галиев А. Томирис. Тарих, тұлға, уақыт. – Алма-
ты: Аруна, 2005.
Оқулық: Сақ патшайымы Томирис,
90-91-бет.
Зерттеу сұрағы:
тарихи деректерде Томирис-
тің бейнесі қалай сипатталған?
Сабақтың деректі материалдары
Массагеттермен Парсы патшасы Кир соғысуды
көздеген еді. Ол туралы грек тарихшысы Геродот бы-
лай деп жазады: «Парсы патшасы Кир Вавилон елін
жаулап алғаннан кейін, массагет тайпаларын
бағын-
дыруды жоспарлады. Саны жағынан массагет тайпа-
лары өте көп әрі бұл елдің адамдары жауынгер болды.
Массагет тайпалары күншығыстағы Аракс өзенінің
арғы жағында исседон тайпаларына көрші ел болып,
мекен етеді. Парсы патшасының массагеттер еліне
аттануының бірнеше маңызды себептері болған еді.
Сол себептердің бірі – Кирдің «мен қасиетті адаммын,
наға шымның түсіне кіріп, түсінде
аян берген әмір-
шісі – менмін, мен бүкіл әлемді билеуім керек" деген
астамшылық пиғылы болатын. Екінші себеп – оның
барлық соғыстарда жеңіске жетіп, көптеген елдерді
бағындырып келе жатқан жолы болғыштығы еді.
Өйткені, парсы патшасының көзі түскен
елдің кез
келгені оған қарсы тұра алмай, жеңілген болатын».
Б.з.д. V ғасырдың ортасында жазылған Геродот
-
тың "Тарих" еңбегі
Достарыңызбен бөлісу: