Зерттеу қорытындысы бойынша, Берел жылқылары
азиялық жылқы тобына жатады.
Сабаққа қатысты ескертпелер Тарихи концепт – "дәлел". Оқушылар Берел
қорғаны туралы оқулықта берілген ақпараттар мен
тапсырмалар негізінде қорған құрылысының ерек-
шелігін анықтайды. Бесшатыр мен Шілікті қорған
құрылыстарын естеріне түсіріп, Берел қорғанымен
салыстыруға мүмкіндік жасаңыз. Берел қорғаны
құрылысында жерүсті үйіндісінің болмауы, аласа
қорғанның тастармен жабылуы оқушыларды ойлан-
дыруы тиіс. Оқушылар Берел қорғанының жер асты-
на қарай тереңдетіп қазылғанын, адам мен жылқы
денелерінің шірімей сақталуы үшін оба неғұрлым
терең қазылу керектігін түсінеді. Оқушылар беріл-
ген суреттерге ортақ атау бере отырып, қорғанның
ерекшеліктерін анықтай алады. Мәтінді оқи отырып,
берілген сұрақтарға жауаптар іздейді. Мәңгілік тоң
қабаты құрылысын салу және адам денесін баль-
замдау үшін қандай білім мен кәсіби шеберлік қа-
жет екендігін бірлесе талқылайды. Өткен кезеңдер-
ден ескерткіштер неғұрлым көп сақталса, олардың
өмірі соғұрлым бізге айқын бола түсетіндігін оқушы-
лар түсінуі тиіс. Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс
жасау арқылы ортақ шешім қабылдап, өзгелердің
пікірлерін құрметтеуді үйренеді.
Тапсырма Берел (1-сурет) туралы не білесіңдер? Неліктен
бұл аймақ археологтарды қатты қызықтырады?
Оқушыларға Берел қорымына қатысты суреттер
таратыңыз. Сурет тақырыптары сабаққа дайындық
бөлімінде көрсетілген. Оқушылар сұраққа жұптасып
талқылау жасағаннан кейін жауап береді. Соңынан
ең үздік жауапты сыныпта тыңдатыңыз. Оқушылар
мәтінді өз бетімен оқиды. Берел обасының ерек-
шелігін сұраңыз. Берел лақат қабірінің терең қа-
зылғанына көңіл аудартыңыз.
Жауаптары. Берел қорымы – таумен қоршалған
жазық өлке. Қарағай, шыршалар өскен. Берел-
де көптеген қорғандар бар. Обада мәйітпен бірге
заттары мен аттары бірге жерленген. Археологтар
неғұрлым көп деректер тапса, соғұрлым өткен ке-
зеңдегі адамдардың өмірлері туралы көптеген құпи-
ялар ашылар еді.