Сақтар 83
Суретпен жұмыс Оқушылардан суреттен не көріп тұрғанын
сұраңыз. Өзге қорғандардан үш ерекшелігін салыс-
тырып анықтасын. Археолог ретінде үш сұрақ құрас-
тырсын. Оқушылар тапсырманы жұпта орындасын.
Үлгілі жауапты сыныпта тыңдатыңыз. Қорытынды-
лаған кезде мынаған назар аудартыңыз: археологтар
обадан көп деректер тапса, сақтардың тұрмыс-тір-
шіліктері айқын бола түседі.
Жауаптары. Берел қорғанынан табылған олжа-
лар: екі мәйіт, 13 жылқы, ат әбзелдері, киім-кешек,
әшекей бұйымдар, ыдыстар. Берел қорғанының
ерекшеліктері: лақат жер астындағы тоң қабатына
қарай неғұрлым терең қазылады. Мәйітті саркофаг-
та жерлейді. Обада мәйітпен бірге бірнеше жылқы
жерленген. Лақат асты тоң қабат болғандықтан,
мәйітпен жылқылар ұзақ бұзылмай сақталған. Мәй-
іттер бальзамдалған.
Үлгі сұрақтар: Жылқылар мен мәйіт 2500 жыл
бойы қалай бұзылмай сақталған? Табылған заттар
жерленген адам туралы қандай ақпарат береді?
«Тоңазытылған қабірлерді» қалай жасаған?
Деректерді талқылаңдар Әрбір оқушыға деректер мен мәліметтер жа-
зылған қағаздар беріледі. Оқулықтағы "Мәңгі тоң
қабаты" қабаты мәтіні мен нұсқаулықтағы дерек-
ті материалды пайдаланыңыз. Оқушылар берілген
мәліметтерді оқып, біледі. Сыныптастар арасында
жүріп, ақпараттарымен бөліседі. Олар мүмкіндігін-
ше ақпараттарды көп оқушыларға жеткізуі керек. Өз
ойларын жеткізу барысында мысалдар келтіре ала-
ды. Оқушылардың барлығы бір-бірімен ақпарат ал-
масады. Келесі кезекте оқушылар кіші топтарға бірі-
геді. Неліктен топқа біріккенін түсіндіреді. Оқушылар
деректер мен мәліметтер бойынша: "Не таңғалдыр-
ды? Не қызықтырды? Қандай деректер қынжылтты?"
деген сұрақтар бойынша ойларын дәптерге жазады.
Жауаптары Таңғалдырды: 1. Сақ тайпаларының күрделі жерлеу құрылысын
салуы мен мәңгілік тоң қабатында мәйітті шірітпей
сақтау технологиясын – бальзамдауды білуі.
2. Жылқыларды адаммен бірге жерлеуі.
3. Шеберлердің зергерлік бұйымдарды алтыннан
шебер жасауы.
4. Киізден, жүннен жасалған бұйымдардың 2500
жыл сақталуы.
Қызықтырды: Сақ тайпаларының табиғат жағдайларын, кли-
мат ерекшеліктерін, түрлі өсімдіктердің қасиеттерін
білуі.
Қынжылтты: Көптеген қорғандардың тоналуы. Адамдармен
бірге жерлеу үшін көп жылқыны құрбандыққа ша-
луы.
5. Сұрақтар:
Сақ тайпаларының күнделікті өмірлері қандай
болды? Қандай кәсіппен шұғылданды? Жерленген
адам қандай жағдайда қайтыс болды?