5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет133/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар Бесшатыр құрылысын сипаттайды. 
Сұрақтарға берген жауаптарын топтар өзара баға-
лайды. Критерийлер негізінде Бесшатыр және Шілік-
ті қорғандарын салыстырады. Қорғандардың патша 
қорғандары екендігіне дәлелдер келтіреді.
Қосымша тапсырма
«Синквейн» немесе бес жолды өлең стратегия-
сын қолданып, «патша қорғаны», "лақат", "дромос", 
"меңгір", "үйінді қорған" тірек сөздердің кез кел-
генімен жұмыс жасатыңыз. Оқушылар жеке, жұпта 
немесе шағын топта жұмыс жасай алады.
1. Зат есім – 1 сөзден тұрады. 
2. Сын есім – 2 сөзден тұрады.
3. Етістік – 3 сөзден тұрады.
4. Сезімді білдіретін 4 сөзден тұрады.
5. Синоним 1 сөзден тұрады. 
Жауаптары.
1. «Патша қорғаны».
2. Алып, үлкен.
3. Салынды, қазылды, табылды.
4. Қорған құрмет, қорқыныш сезімін ұялатады.
5. «Патша обасы».


82
3-тарау.
Сақтар
3.4.
Берел қорғандары (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипат-
тау;
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау.
Тірек сөздер
саркофаг
бальзамдау
мәңгі тоң қабаты 
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы, 2010.
2. Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петрог-
лифтері. – Ал маты, Иль-Тех-Кітап, 2005.
Оқулық: Берел қорғандары, 
82-83-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
Берел қорымынан табылған 
олжалар сақтардың мәдениетін қалай сипаттайды?
Сабаққа дайындық 
Суреттерді қиып дайындаңыз: «Берелдің табиға-
ты», «Берел қорғандары», «Археологтардың қаз-
ба жұмысы», «Берелден табылған артефактілер», 
«Жылқыға арналған маска» . 
Сабақтың деректі материалдары
Берел жерлеу орнынан қақпағының бұрыштары 
қиял-ғажайып құстармен, алтын жапырақша өрнек- 
терімен безендірілген саркофаг-табыт табылды. 
Қима-таған үстін бірнеше қабат қайыңтозбен және 
оның арасын толтырған жоңышқа бұтасымен жап- 
қан. Ботаник мамандар бұл өсімдіктердің шіруге 
қарсы қолданатын ерекше қасиеті бар дейді. Қи-
ма-тағанның солтүстік жағында екі қабат етіп қой-
ылған он үш аттың қаңқалары да осындай қайыңтоз 
қабықтарымен жабылған. Ер адамның басы ағаштан 
жасалған арнаулы жастықта жатыр. Берел материал-
дарын сұрыптауға атсалы сып жүрген генетика сала-
сының ғалымдарының болжауы на сүйенсек, әйел-
дің денесі ер адамға қарағанда ертерек қойылғанға 
ұқсайды. Шынында да, ағаш табыт алғашында бір 
адамға ар налып ойылғандығы айқын. Ағаш табыт-
тың ішіндегі патша мен әйелдің мүрделері толық то-
науға ұшыраған. Ғалымдар радиологиялық әдіспен 
мәйіттердің б.з.д. ІІІ ғасырда жерленгенін анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет