5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет127/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабақтың деректі материалдары 
Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жақ жағала-
уында орналасқан. Қорым көлемі әртүрлі 31 обадан 
тұрады. Археолог Кемел Ақышев қорымның он се-
гіз обасын зерттеді. Қазылған обалардың барлығы 
дерлік бұрын тоналып кеткен. "Бесшатыр қоры-
мы – тиграхауда тайпа патшалары мен кө сем дерін 
жерлейтін қасиетті орын болды" деген болжам ай-
тылады. Үлкен Бесшатыр обасын ғалымдар "патша 
қорғандары" деп атайды. Үлкен обалардың биікті-
гі 6 метрден 18 метрге дейін, диаметрі 45 метрден 
105 метр аралығында ауытқып отырған. Бесшатыр 
күрделі құрылыстардың бірі болып саналған. Ол үш 
бөлімнен тұрады: дәліз, ауызғы бөлме және қабір. 
Сабаққа қатысты ескертпелер 
Сабақтың тарихи концептісі – "дәлел". «Жұбың-
ды және тобыңды табыңдар» тапсырмасы оқушыны 
қоғамдағы әлеуметтік топтарды ажырата білуге үй-
ретеді. Оқушы атаулар мен анықтамалар бойынша 
жұбын тауып, басқарушылар, қарапайым еңбек-
шілер, қауіпсіздікті қорғаушылардың ортақ белгілері 
негізінде топтарға бірігу арқылы әлеуметтік жіктелуді 
түсінеді. Оқулықтағы қорғандардан табылған архео-
логиялық жәдігерлерді обалар түріне сәйкестендіру 
нәтижесінде "мүлік теңсіздігі" ұғымымен танысады. 
«Суретпен жұмыс»
 
тапсырмаларын орындау кезінде 
аналитикалық жұмыс парағын қолданыңыз. Өзіндік 
интерпетация мен оқулықтағы мәтіннің негізінде 
патшаларға алып қорғандар салынғанына бірнеше 
дәйек келтіреді. Оқушылар тапсырмаларды жеке
жұпта және топта орындайды, ең бастысы оқушы-
ның өзіндік көзқарасы мен пікірін қорғауға жағдай 
жасалу керек. Әр оқушының мүмкіншілігін ескеріп, 
сараланған тапсырмаларды таңдауына көмек жа-
саңыз.
Жұбыңды және тобыңды табыңдар 
Әр оқушыға бір кеспеқағаздан таратыңыз. 
Оқушылар атаулар мен анықтамаларға сәйкес жұп-
тарын табады. Жұптар әлеуметтік топтардың атқа-
ратын қызметтерінің ортақ белгілері бойынша топ- 
қа бірігуі керек. Топтарға біріккен кезде неліктен 
және қандай белгілер бойынша біріккенін сұраңыз. 
Оқушылардың қоғамдағы әлеуметтік топтардың 
әртүрлі қызмет атқаратынын түсінгендігіне назар 
аударыңыз. 


3-тарау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет