5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет248/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақта оқушылар тұрпат түрлерін және бел-
гілеріне сай адамдардың тұрпатын ажыратуды үйре-
неді. Сонымен қатар антропологтар тапқан ежелгі 
адамдардың тұрпатын қалай зерттеп, анықтайтынын 
меңгереді. Табиғи географиялық жағдайлардың, ха-
лықтардың Ұлы қоныс аударуының, халықтардың 
араласу және ассимиляция үдерістері, негізінен, 
нәсілдердің қалыптасуына, өзгерістері мен ұқ-
састықтарына әсер ететін негізгі факторлар екенін 
түсінеді және дәлелдейді.
Сабақтың басында тақтаға "еуропеоид", "моңғо-
лоид", "негроид" ұғымдарын үлкен әріптермен жа-
зып қойыңыз. Бұдан соң оқушылардан тақтадағы ата-
уларға байланысты мынадай сұрақтарды қойыңыз: 
1. Бұл атауларды сіз бұған дейін қайда және қандай 
мағынада кездестірдіңіз? 2. Өз тәжірибеңізден осы 
атауларды қолдану мысалдарын келтіре аласыз 
ба? 3. Бүгінгі сабағымызда осы атаулар қандай 
қолданыста болады деп ойлайсыз? Осы сұрақтарға 
байланысты бірнеше оқушының пікірін тыңдаңыз.
Ұсынылған қосымша кіріспе материалға тоқталып 
кетіңіз.
Анықтаңдар
Оқушылар «Нәсілдерді қалай ажыратамыз?»
мәтіні негізінде негізгі нәсіл түрлерін және адамның 
нәсілін ажырату жолдарын атайды. 1-суреттегі бала-
лардың нәсілін мәтін мәліметтері негізінде анықтай-
ды. Ол үшін оқушылар топта үшеуден отырады. Әр 
оқушы "сөйлеуші", "сұрақ қоюшы" және "жазып 


7-тарау. 
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
159
алушы" рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені ай-
тады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді.
Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және бел-
гілеп беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін 
белгілеп алып, әңгіме соңында қорытынды жасайды. 
Келесі жолы рөлдерімен ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет