5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет257/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты екертпелер
Оқушылар жыл бойы ежелгі Қазақстан тарихымен 
танысты. Бұл сабақта оқушылар алған білімдерін 
еске түсіріп, ойларын жинақтап қорытындылайды. 
Берілген тапсырмаларды топтық жұмыс арқылы 
орындайды. Ұлы Жібек жолының маңызына тоқта-
лып, Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың 
әлеуметтік, саяси жағдайына шолу жасайды. Алған 
білімдерін негіздеу арқылы коммуникативтік дағды-
ларын дамытады. Оқушылар алған ақпараттары не-
гізінде өз ойларын ашық айта алады.
Керуен жолымен саяхат 
Оқушыларға оқулықтағы Ұлы Жібек жолының 
картасын басшылыққа алып, "Ұлы Жібек жолы Қа-
зақстан аумағында өмір сүрген халықтардың өмірі-
не қалай әсер етті?" деген сұраққа жауап беруін 
сұраңыз. Ол үшін оқушыларға алдын ала жасалған 
критерийлерді ұсыныңыз. Критерийлері:
• әлеуметтік жағдайына әсері;
саяси жағдайына әсері;
• мәдениетіне әсері;
• шаруашылығына әсері. 


7-тарау. 
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
165
Критерийді басшылыққа алып, өзара талқылау 
жүргізеді. Жұптар өзара пікір алмасады. Соңында 
жалпы сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз. 
Жауаптары. 
Ұлы Жібек жолының бойында ме-
кендеген тайпалардың шаруашылығы өркендеп да-
мыды. Олар шығыс және батыс елдерімен сауда-сат-
тық жасасты. Осы сауда керуен жолы арқылы әлемге 
әйгілі болған жібек матасы Қытайдан Орта Азия, ба-
тыс елдеріне тасымалданды. Бұл сауда жолы өнер, 
дін, мәдениеттің дамуына зор үлес қосты. Қолөнер 
қалыптасып, қала саны өсті.
Көшпелілер құрылтайы
Оқушыларды бірнеше топтарға біріктіріңіз. 
Мұғалім оқулықта берілген дәйкесөздерді (цитата) 
түрлі түсті парақтарға бөлек-бөлек жазып, парақтар-
ды аударып қояды. Әр топтан бір спикерден шығып, 
бір парақты таңдайды. Одан кейін топ мүшелері ор-
таларынан бір оқушыны таңдап, тайпа көсемі рөліне 
дайындайды. Көсем рөлін ойнайтын оқушы: «Мен 
басқаратын халық ...», – деп өз тайпасын таныстыра-
ды. Рөлдік ойынға мұғалім алдын ала жасалған кри-
терийлерді ұсынады. Мысалы:
• халқының өмір сүру хронологиясы;
• мекендеген аумағы;
• қоғамдық құрылысы;
мәдениеті;
• әлеуметтік жағдайы;
• саяси жағдайы (ішкі және сыртқы).
Топтар өз көсемдерін дайындап болғаннан кейін, 
қалған оқушылар құрылтайға қатысушылар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет